23 Қаңтар, 2014

Ел мен Елбасының абыройы үшін қызмет ету – міндет

400 рет
көрсетілді
26 мин
оқу үшін

 

01-КошербаевҚызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен әңгіме

 

Қырымбек Көшербаев облысқа келгелі оның тыным тауып отырғанын көрмедік. Бір күні Аралда жүрсе, екінші күні Жаңақорғанның бір ауылын аралап қайтқанын естисің. Қысқасы, уақыты минутына дейін белгіленіп қойған. Елбасы сеніп тапсырған аймақтың баянды болашағы үшін жанын аямай жұмыс істеуде. Қызметке алғаш келгенінде қарамағындағыларға «Мен жұмыс барысында өзімді аямайтын адам­­­мын. Сондықтан, сіздерді де аяйды деп ойламаңыздар» дегенін естіген едік. Осы сөзі рас болып шықты.

 

«Егемен Қазақстанның» елдегі тілшісі облыстың даму барысы, болашақтағы мақсат-мұратының қандайлығы және тағы басқа мәселелер бойынша әкіммен сұхбат құрған. Сол әңгімені назарларыңызға ұсынып отырмыз.

 

 

01-КошербаевҚызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен әңгіме

Қырымбек Көшербаев облысқа келгелі оның тыным тауып отырғанын көрмедік. Бір күні Аралда жүрсе, екінші күні Жаңақорғанның бір ауылын аралап қайтқанын естисің. Қысқасы, уақыты минутына дейін белгіленіп қойған. Елбасы сеніп тапсырған аймақтың баянды болашағы үшін жанын аямай жұмыс істеуде. Қызметке алғаш келгенінде қарамағындағыларға «Мен жұмыс барысында өзімді аямайтын адам­­­мын. Сондықтан, сіздерді де аяйды деп ойламаңыздар» дегенін естіген едік. Осы сөзі рас болып шықты.

«Егемен Қазақстанның» елдегі тілшісі облыстың даму барысы, болашақтағы мақсат-мұратының қандайлығы және тағы басқа мәселелер бойынша әкіммен сұхбат құрған. Сол әңгімені назарларыңызға ұсынып отырмыз.

 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДҰРЫС БОЛМАЙ – ЭКОНОМИКА ДАМЫМАЙДЫ

– Елбасы биылғы Жолдауын жария­лады. Бұл Жолдаудың бұған дейінгі жол­­­даулардан өзгешелігі неде деп ойлайсыз?

– Биылғы Жолдауда Елбасы ел идео­логиясының темірқазығындай етіп алған «Мәңгілік Ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұлттық ұлы ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай, қазақ елінің, қазақ тілінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» Стратегиясы ұлттың ұлы бағдары екені анық. Елулікті еңсердік, енді дамыған отыз мемлекеттің қатарына енуді мұрат етіп отырмыз. Осы «Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет», деп Елбасы ашып айтты. Ендеше осы ортақ мақсатқа жұмылып, аянбай атсалысуға Сыр бойының халқы дайын екенін мәлім еткім келеді.

Тағы бір айтарым – Елбасының ресми мәжілісті, халыққа Жолдауын «сүйікті халқым» деген жүрекжарды тілегімен аяқтауы болашаққа деген үмітімізді бекітіп, сенімімізді арттырады, ел бақыты жолында аянбай еңбек етіп жатқан ердің ақжарма тілегі әрбір қазақстандықты қанаттандырды деген сенімдемін.

– Қызылорда облысына әкім болып тағайындалғаныңызға бір жыл болды. Әрине, бір жыл көп уақыт емес. Дегенмен, осы жыл ішінде қандай шаруаларды атқара алдыңыздар?

– Ең бірінші, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сараптама жасалды. Ол үшін Қазақстан мен Ресей­дің маңдайалды қаржыгерлері мен әлеу­мет­тану­шыларын Қызылордаға арнайы шақырдық. Атап айтар болсақ, Эко­номика және бюджеттік жоспарлау ми­нистрлігінің жанындағы институттың, Ресей Федерациясы Президенті жанынан құрылған Халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының майталман мамандарын қатыстырдық. Бұн не үшін жасалды? Әлдебір дүниені қолға алмас бұрын толыққанды сараптама жасалмаса болмайды. Сондықтан бізге аймақтың әлеуметтік-экономикалық деңгейінің қандай екенін дұрыс бағалай білу керек болды. Бұдан бөлек, орын алып жатқан олқылықтардың себеп-салдарын анықтап, аймақ дамуының әлеуетін айқындау шарт еді. Сол себепті алдымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, одан кейін барып қана даму бағытымызды белгіледік.

Жыл сайын аймақтардың экономикалық даму деңгейінің қорытындысы жасалып отырады. 2012 жылғы қорытынды бойынша Қызылорда облысы республикадағы 16 аймақтың ішінде ең соңғы орында тұрған екен. Осының өзі біздің шама-шарқымыздың қаншалықты екенін бірден білдірсе керек. Ал жүргізілген сараптама аймақ экономикасының қаңқасы дұрыс құрылмағанын анықтап берді. Өйткені, облыстағы өндірістің 93,4 пайызы мұнай мен газ және уранға байланып тұр. Өзіңіз де жақсы білесіз, мұнай-газ бен уранның бағасы халықаралық нарықта біресе шарықтап кетеді, енді бірде құлдилап құлайды. Сонау бір уақыттарда мұнайдың бір баррелі 9 доллар болғаны есімізде. Ал қазір аталған баға 100 доллардан түспей тұрғанына куәміз. Біресе көкке ұшып, біресе жерге құлдырап түсетін бағаға тәуелді экономика аймақтың әлеуметтік дамуына қалай серпін бере алсын? Одан пайда тауып, ел-халықтың жағдайын жасаймын деудің өзі бос әурешілік болуы мүмкін. Әлеуметтік мәселелерді шешуді тоқтатып тастауы ықтимал. Әсіресе, бюд­жетке түсетін қаржының көлемі төмен­деп кетеді. Мұндай жағдайдың соңы түрлі түсініспеушіліктерге бастайтынын білесіз. Сондықтан біз индустриялық-инновациялық бағдар­ламаны мемлекеттің кезекті бір науқаны ретінде емес, қайта Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен өзгеріс әкелетін жалғыз жол деп танып отырмыз. Егер біз Қызылорда облысын үздік аймақтардың қатарынан көргіміз келсе, онда өңірдің атқарушы билігі аталған бағдарламаны дұрыс түсініп, одан жөнді қорытынды шығарып, жоспарлы жұмыс істеуге тиіс. Осы арқылы облыс экономикасын әртараптандырып, құрылымын қайта жасауды көздейміз. Мұнан бөлек Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси ба­ғыты» атты маңызы зор құжатты жария­лады. Міне, осы Даму стратегиясының ая­сында біз аймақтың 2020 жылға дейінгі бағыт-бағдарын айқындайтын жоспар жасадық. Оны облыстық мәслихаттың сессиясында бекіттік. 2020 жылға дейін 7 жыл бар ғой. Бүгінде біз республиканың даму деңгейінен әлдеқайда қалып келеміз. Ал оған жету үшін біз республиканың даму динамикасынан 2 пайызға артық қи­­­­­­мылдап отыруымыз керек екен. Мысалы, жыл са­йын мемлекеттің ішкі жалпы өнімі 6 пайызға өсіп отырса, Қызылорда об­лысы аталған көрсеткішті 8 пайызға орын­­дауы қажет. Алдағы жеті жылдықта осын­­дай қажырлы жұмыс жасалғанның өзін­де Қы­зылорда облысының әлеуметтік-эко­но­­ми­калық дамуы республиканың орта дең­­­­­­гейіне ғана жақындайды. Әрине, реті кел­­се одан да зор нәтижеге қол жеткіміз келе­­ді.

– Нақты сараптама жүргізілген екен. Даму деңгейіміз де, олқылықтарымыз да анықталыпты. Сонымен бірге, болашақ­тағы бағыт-бағдарымыз да айқында­лыпты. Дегенмен, экономиканы дамыту үшін инфрақұрылым дұрыс болуы керек қой. Қызылорда облысында бұл мәселе қалай шешілген?

– Байқап қарасаңыз, Қызылорда облысы үш ұлы жолдың бойында жатыр. Бірінші – дария, екінші – теміржол, үшінші – тасжол. Өмірдің нәріндей болып тұрған осы үш жол аймақты көлденеңнен қиып өтеді. Ауылдар мен аудандар да осы жолдардың бойында шоғырланып, өте ыңғайлы орналасқан. Нақтылық үшін айтайын, аймаққа қарасты елді мекендердің 85 пайызы теміржол мен тасжолдың бойында жатыр. Ал онда облыс халқының 93 пайызы тіршілік етуде. Егер біз инфрақұрылымды дұрыс бағытта дамыта берсек, онда өңірдегі ауылдардың жағдайын тиімді әрі тез арада гүлдендіруге қол жеткіземіз. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» күре жолының құрылысын келер жылғы 1 тамызға дейін толық аяқтаймыз. Қазірдің өзінде Жалағаш пен Жосалының арасындағы кішкентай бөлігі ғана қалып тұр. Оның өзін тезірек аяқтауға болар еді. Бірақ мердігердің жауапсыздығынан жұмыста кідіріс болды. Осы жолдың өзінен талай адамға нәпақа табылғалы отыр. Бұл бүкіл әлемде қалыптасқан құбылыс. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолының 812 шақырым бөлігі біздің аймақтың үстінен өтеді. Біз үшін бұл үлкен мүмкіндік.  

Қазақстан халқының 70 пайызы оңтүс­­­­­тік өңірлерде өмір сүретінін білесіз. Сон­дықтан батыстан «Бейнеу-Бозой-Шым­кент» магистральды газ құбыры тартыл­ды. Газ құбыры да Қызылорда облысын кесіп өтеді. Аманшылық болса, 2014-15 жылдары біз аймақтың 75 па­йызын толықтай газдандырып үлгереміз деп отырмыз. Ол үшін барлық құжаттар әзірленіп, жоспар жасалды. Ал қалған елді мекендер 2016 жылдың үлесіне тимек. Сонымен бірге, қысылған газ шығаратын зауыт саламыз. Мәселен, облыстың шет жайлап, қиыр қонған алыс ауылдарына газ құбырын тарту тиімділік жағынан төмен. Есесіне, ол ауылдарға қысылған газды жет­кізіп, көгілдір отынмен қамтамасыз етеміз.

– Енді облыста экономиканы дамыту үшін инфрақұрылым толық жасалған деп айтуға болады ғой...

– Қарапайым ғана мысал айтайын, Қызылорда қаласына қарасты кейбір ша­ғын аудандардың бас жос­пары бекітіл­меген, инфрақұрылымы жасал­­маған. Бірақ ол жерге жеке адамдар үйлерін салып тастаған. Енді халық әртүрлі деңгейдегі әкімдерге келіп өздерінің талаптары мен арыз-шағымдарын айтып жатыр. Сол арыздарды қарап отырсаңыз, жол, су, кәріз жолдарының жоқтығы көп айтылады. Бұл о бастан дұрыс жасалмаған шаруа. Ең алдымен жоспар құрылып, бекіту керек. Сосын инженерлік инфрақұрылымын дайындау қажет. Осыдан кейін барып қана халыққа жер телімдері берілуі тиіс. Ал дым істемей, құр жерді бере салып тұрғындарды сергелдеңге салып қою дұрыс емес. Дамуды ойлаған адам алдымен оған жағдай туғызады. Облыстың экономикасында да сондай. Елбасының тікелей бастамасымен салынып жатқан «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолы, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры, «Сексеуіл-Бейнеу» теміржолы секілді алып құрылыстар біздің облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор серпін беретін негізгі нысандар.

Қызылорда облысы өзіне қажетті электр энергиясының 40 пайызын ғана өндіріп отыр. Қалған 60 пайызын Екібастұз бен Тараздан аламыз. Ал олардың Қызыл­орда­мен арасындағы қашықтықтың біраз екені белгілі. Сол себепті Қызылордаға Екібастұз бен Тараздан электр энергия­сы жеткенше бағасы аспандап кетеді. Ол амалсыздан біздің тарифімізге түседі. Өз кезегінде бұл өндіріске әсер етеді де, облыстан шығары­­латын өнімдердің бағасы қымбаттап кетеді. Енді қымбат зат бәсекелестікке төтеп бере алмай, нарыққа шықпай қалады. Мәселен, бізде «Қуат» деген зауыт бар. Заманауи құбырлар шығарады. Дегенмен, электр қуатының бағасы қымбат болғаннан кейін олар өзінің бар мүмкіндігін пайдалана алмай отыр. Егер электр энергиясының бағасы арзан болса, онда аталған зауыт тек Қазақ­­станның ғана емес ТМД мемлекет­тері­нің нарығында өз орнын ойып тұрып алар еді.

АЙМАҚТА МЕТАЛЛУРГИЯ КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ КЕРЕК

– Аймаққа келгеннен кейін алғашқы шаруалардың бірі ретінде облыс экономикасын әртараптандыруға басымдық бердіңіз. Осы бастама қаншалықты нәтижесін беріп жатыр?

– Былтыр біз өндіріс саласы бойынша жылды жақсы аяқтадық. Төмендеу жоқ. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 16 пайыз­ға артты. Ал республика бойынша бұл көр­сет­кіш 1,5 пайыз екен. Ал инвес­тиция тарту жұмысы 40 пайызға артқан. Соның арқа­сын­да құрылыстың көлемі 16 пайыз­ға өсті.

– Жалпы, өткен жылы біздің аймақ құ­рылыс салу көлемі бойынша респуб­ли­­када алдыңғы орынға шыққан жоқ па?

– Оныңыз рас. Көлемі бойынша. Деген­мен, облыстағы тұрғын үй құры­лысының деңгейіне көңіліміз толмайды. Өткен жылы 280 мың шаршы метрге жуық бас­пана салынды. Биыл бұл көрсеткішті 300 мың шаршы метрден асыру жоспарда бар. Бірақ құрылыс саласын алға жылжыту үшін құрылыс индустриясын дамыту керек. Ол үшін «РМЗ-Шапағат» деген мекеменің шеңберінен тұрғын үй құрылыс комбинатының жұмысын бастадық. Сонымен қатар, жақында тағы осындай екінші комбинат салу туралы шешім қабылдадық. Өйткені, аталған саланы қарқынды дамыту үшін құрылыс материалдарын, әсіресе, тұрғын үй құрылысына қажетті керек-жарақты өзімізде шығаруға тиіспіз. Егер құрылысқа қажетті материалдарды шығарып, шыны мен цемент зауыттары өзімізде болса, онда бұл өте тиімді әрі нәтижелі болар еді. Сондай-ақ, бағасы да арзандайды.

– Құрылыстан бөлек, аймақ инвес­тиция тартуда да алға шықты. Бұған қалай қол жеткіздіңіздер?

– Бұл үлкен әрі күрделі жұмыстың нәтижесі. Ең алдымен, инвесторларға өзіміздің мүмкіндіктерімізді дұрыс жеткізе білу керек болды. Былтыр бір жылдың ішінде аймақта екі бірдей инвестициялық форум өткізгеніміз де сондықтан. Форум барысында біз Қызылорда облысында қандай табиғи ресурстар бар, шама-шарқы қандай, пайдасы қаншалықты болмақ деген сияқты мәселелермен таныстырдық. Одан соң аймаққа инвесторлардың келуіне жергілікті атқарушы билік те, Үкімет те мүдделі екенін, оларға барлық оңтайлы жағдай жасалатынын, аймақтың инфрақұрылымы экономиканы дамытуға өте қолайлы орналасқанын түсіндірдік, ынтымақтасып жұмыс істеуге шақырдық. Инвесторлардан бөлек, Астанада тіркеу­ден өткен шетелдік елшіліктердің қыз­меткерлерін де шақырып, аймақтың даму динамикасын көрсеттік. Біз ТМД мем­лекеттерінің, әсіресе, Ресейдің кәсіп­кер­­­­лерімен қоян-қолтық араласып жұмыс істеуіміз керек.

– Индустриялық-инновациялық бағ­дар­­­лама Қызылорда облысының эко­номи­касын көтеретін бірден-бір мүм­кін­­­дік деп отырсыз. Десек те, аталған бағ­дар­­­ламаның біздің аймақта кенжелеп қал­ға­ны жасырын емес. Алдағы уақыт­та бұл ба­ғытта қандай жұмыстар жасамақ­сыз­дар?

– Бүгінде «Құмкөл» кен орнындағы мұнайдың көлемі азайып келеді. Енді жаңа кен орындарын зерттеп, ашуымыз керек. Бұл жөнінде Елбасымыз жақында өз Жолдауында да айтты. Мұнай-газ саласында Сыр елінің жететін жетістіктері аз емес. Сол себепті бұл бағытта жұмыс жалғаса береді. Бұл – бір. Екінші, уран саласына байланыс­ты тағы да өңдеу кәсіпорындарын салу қажет. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы өндіретін өнімнің басым бөлігі Қызылорда облысында орналасқан. Ал оны өңдейтін зауыттар басқа аймаққа тиесілі. Мұны аса құптамаймыз. Өйткені, шикізат қайда өндірілсе, сол жерде өңделуі керек. Мәселеге осы тұрғыдан қарап, біз «Қазатомөнеркәсіптің» басшы­лығына осындай ұсыныс жасап отырмыз. Үшіншіден, Баласауысқандық пен Құрымсақтағы ванадий қорын дұрыс игере білсек, онда біз дүниежүзі бойынша өндірілетін ванадийдің 25 пайызын шығара аламыз. Бұл тек қана Қызылорда облысы үшін ғана емес, тұтас Қазақстан үшін үлкен жетістік болады. Ал енді Шалқия мен Талаптағы полиметалдар, Ақжар, Қоскөл, Домбау, Дарбазадағы мырыш, Ақеспедегі титан, Құтанбұлақ пен Талдыеспедегі темір бізге табиғаттың өзі берген байлығы. Осылардың негізінде ферроқорытпа зауы­тын салу қажет. Міне, Қызылорда облысының оңтүстік аймағында жоғары техно­логиялы және экспорттық әлеуеті зор метал­лургиялық кәсіпорындарды ашуға болады. Ол үшін біздің табиғи қорымыз бар. Металлургиялық кластерді дамытудағы ең бірінші мәселе – электр қуатының бағасы. Ал біз бұған «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының арқасында қол жеткізе аламыз. Ферроқорытпа зауыты­ның экономикасын есептегенде, газдың 1 мың текше метрі 80-90 доллардан аспағанда ғана оның тиімді болатынын анықтадық. Біз инвесторға осы бағадағы газдың дәлізін ұсынып отырмыз.

Өңдеу өнеркәсібіне байланысты тұз, цемент, кальцийленген ұнтақ, қызыл­­мияның тамыры, құбыр шығару секілді жаңа өндірістердің жұмысына қолдау білдіре береміз. Сонымен бірге, осы зауыттардың барлығында ең жоғары технологияны пайдаланып, экспортқа шығаруды мақсат етіп жұмыс істейміз. Ауыл шаруашылығы саласында да нақты қадамдар жасалады. Мысалы, аймақтағы күріш егетін 74 мың гектар жердің көле­мін сақтап қалуға тиіспіз. Мәселе тек күріште ғана тұрған жоқ. Өйткені, суар­малы жерлерді қысқартсақ, онда ол ау­мақ тұзданып кетеді. Биыл біз облыс­та күріш­тен рекордтық өнім өндірілді деп қуанып жүрміз. Әр гектарынан 49 цент­нер. Дей тұрғанмен, тоқмейілсуге болмайды. Айталық, Ресейдің Краснодар айма­ғында 1 гектардан 70 центнерден өнім алды. Міне, бізде де ондай өнім алуға мүмкіндік бар.

– Осы ретте ет өндіру мен балық ша­руа­­­­шылығы да басқаша сипат алады ғой...

– Әрине. Ет өндіру саласында да біз жететін жетістік аз емес. Ол үшін мал басын арттырып, асыл тұқымдыларын өсіру керек. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығына жасалып жатқан нақты көмектің арқасында біз мал басын 15 пайызға арттырамыз деп отырмыз. Ал асыл тұқымды малды Голландиядан тасымай-ақ, өзімізге жағдайы таныс, табиғатымызға икемделген, жерсінген еділбай қойы мен ақбас сиырдың санын көбейткен дұрыс қой деген ойдамын. Осы жерде бір мәселе бар. Бізді «аралық немесе буферлі аймақ» деп айтады. Ал Үкіметтің шешіміне сәйкес, аралық аймақта өндірілген етті экспортқа шығаруға болмайды. Қызылорда облысына осы аттан арылу қажет. Балық шаруашылығына байланысты көптеген мәселеге тоқталуға болады. Елбасының тапсырмасына сәйкес, САРАТС (Солтүстік Арал) жобасының бірінші кезеңі толықтай іске асты. Екінші кезеңі әртүрлі себептерге байланысты тоқтап қалған-тын. Бұған дейін «теңіз екі деңгейлі бола ма, әлде бір деңгейлі жасаймыз ба?» деп келдік. Оны шештік. Бір деңгейлі теңіз жасайтын болдық. Өз есебім бойынша, САРАТС жобасының екінші кезеңі биыл басталуға тиіс. Әлбетте, бұл жоба қыруар қаржыны талап етеді. Дей тұрғанмен, қазір біз жылына 4 мың тонна балық аулап жатсақ, жобаның екінші кезеңі аяқталғаннан кейін аталған көрсеткішті 30 мың тоннаға жеткізетін шамамыз бар. Содан кейін Қызылорда облысынан өңделмеген балық шықпауы қажет. Қазірдің өзінде Аралда ауланған балықтар Еуропа нарығына шы­ғып жатыр. Себебі сапасы жақсы. Сұ­ра­нысқа ие. Тағы бір маңызды мәселені ай­та кетейін. САРАТС жобасын толықтай іске асыр­­­ғаннан соң Сыр бойындағы көл­­­дер­дің жүйесін қайта қалпына келтіре аламыз.

ҚОРҚЫТ – ТҮБІ БІР ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТӘУ ЕТЕР ОРТАЛЫҒЫ БОЛАДЫ

– Елбасының тапсырмасы бойынша Байқоңыр ғарыш айлағы мен Қорқыт ата мемориалдық кешені ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің туристік нысандар тізіміне енді. Бұйыртса, әлемнің әр тарапынан адамдар келеді. Түркі дүниесінің бабасы Қорқыттың басына зиярат етеді. Ал бұл шараға біздің дайындығымыз қандай болмақ?

– Елбасының тікелей тапсырмасымен Байқоңыр қаласы ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер тамашалайтын нысандар қатарына кіргені қаланың дамуына ерекше үлес қосады деген сенімдемін. Алдағы уақытта онда көптеген шаруа­лар атқарылмақ. Былтыр «Протон» құла­­­­­ған­­­нан кейін де Ресей үкіметімен бірлесіп қы­руар шаруаны жасаған едік. Әрине, біраз пікірталас болды. Нәтижесінде, Елба­сының нақты бас­тамасымен Байқоңырды дамытудың «Жол картасын» жасадық. Оған екі ел Үкіметі қол қойды. Осының арқасында Байқоңыр қаласы, Ақай, Төретам елді мекендерін дамытудың кешенді жобасы қабылданады. «Жол картасының» аясында Байқоңыр қаласында біршама өндірістік, әлеуметтік нысандар жұмыс жасай бастайды. Сондай-ақ, ғарыштық туризмді дамытуға ерекше екпін беріледі.

Біздің тарихымыз терең. Өткен жолымыз кенен. Меніңше, 2017 жылы өте­тін көрмеге келушілер Байқоңыр мен түр­кі тектес халықтардың қасиетті жері­­нің бірі Қорқыт ата кесенесінде болуы Қазақ­­станды басқаша қырынан танытады. Біз оған осы бастан дайындалып жатырмыз.

– «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізінің құрылысы келер жылы аяқталады дедіңіз. Ал өңірдің ішкі жолдарын жөндеуге қаншалықты көңіл бөлініп жатыр?

– Сіз айтып отырған мәселені біз былтыр жазда арнайы облыстық мәслихатта қарадық. Мысалға, Солтүстік аудандарға қарасты елді мекендерді бір-бірімен жалғап жатқан жолдың жағдайы өте қиын. Жалпы, облыс бойынша ішкі жолдардың маңдайы шылқып тұр деп айтуға келмейді. Олардың жөндеусіз қалғаны себепсіз де емес. Өйткені жолдар аудандардың иелі­гінде болған. Ал ауданның бюджеті жол жөндеуге жетпейді. Сондықтан бұл жер­де облыстық және республикалық бюд­жеттен нақты көмек керек. Біз осы мәсе­лені республикалық бюджетке ұсыныс ретін­де енгіздік. Әсіресе, Қызылорда мен Жезқаз­ған арасындағы жолды жөндеу кезек күттір­мейтін мәселенің бірі. Ал Ресейге шығу үшін Павлодармен байланыс­тыратын жолдың құрылысын да бастаған абзал. Осыған дейін аудандарға қарап келген 860 шақы­рым жолды облыстың иелігіне алдық. Солай­ша, алдағы төрт жылдың ішінде осы ауқым­дағы жолда күрделі жөндеу жұмыс­тары жүрмек.

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ БОЛАШАҒЫ

– Бүгінде үйден шықпай интернет арқылы бар тірлікті атқаруға болады. Бұған жастардың құлшынысы жоғары екені және анық. Алайда, аға буынның ғаламдық желіге аса сенімсіз қарайтынын да байқаймыз. Осы ретте сіз не ойлайсыз?

– Өте алаңдатарлық жағдай. Меніңше, интернеттің қазақша аудармасы оның мінезі мен сипатын нақты әрі дәл берген. Ғаламтор дейді. Бір жағынан сізді ғаламмен байланыс­тырады. Екінші жағынан – тор. Шырмауына байлап алады. Сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан ұлттық құндылықтарымыз бар Қазақ деген елміз. Талай теперішті бас­тан өткердік. Тарих сахнасынан сырғып кетіп қалатын жағдайлар болған. Соның бәрінде ата-бабаларымыздың қаны мен аналарымыздың арының арқасында аман-сау қалдық. Енді ХХІ ғасырда біз өзіміздің болмысымыздан айырылмауы­мыз керек. Осы жағдайларды ескере отырып, өзімнің азамат ретіндегі, әке ретіндегі, ата ретіндегі парызым ғой деп жақында жастарға, студенттерге интернет тақырыбында дәріс оқыдым. Ол да бекер емес. Өйткені, жастар ғасырлар бойы­на қалыптасқан құндылықтарымыздан айырылып қалмауы қажет. Сондықтан, жастарға ғаламтордың пайдасы мен зия­нын теңдей түсіндірген дұрыс. Әрине, бізге орыс тілін де, ағылшын тілін де игеру керек. Жаңа заманда жаңа технологияны меңгеріп, компьютердің құлағында ойнап, интернеттің игілігін көру шарт. Бірақ осының бәрінің негізі қазақша болғанда ғана біз өзімізді ұлт ретінде сақтап қала аламыз. Елбасының «Мәңгілік Ел» идея­сын мың толғанып барып, қоғамға ұсынуының астарында ұлтымыздың ұлы болашағы жатыр деп ойлаймын.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда облысы.

Соңғы жаңалықтар