Кремльдің хабарлауынша, Ауғанстандағы жағдай бойынша пікір алмасу кезінде тараптар осы елде бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға және аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесу үшін бірлескен күш-жігердің маңызына тоқталған.
«Олар террористік идеологияның таралуына және Ауғанстан аумағынан шығатын есірткі қаупіне қарсы тұруда ынтымақтастықты нығайтуға өз көзқарастарын білдірді. Бұл мәселе бойынша тұрақты консультациялардың екіжақты арнасын құру туралы келісім жасалды», делінген хабарламада.
Тараптар Ресей мен Үндістан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты және коронавирус (COVID-19) пандемиясына қарсы күрес мәселелерін де талқылады.