Президент • 25 Тамыз, 2021

Президент көрнекті ғалым Нәдір Нәдіровтің туыстары мен жақындарына көңіл айтты

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ғалым Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент көрнекті ғалым Нәдір Нәдіровтің туыстары мен жақындарына көңіл айтты

«Көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, қоғам қайраткері Нәдір Нәдіровтің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын.

Нәдір Нәдіров отандық мұнай химиясының негізін қалаушылардың бірі болып, Қазақстанның ғылыми-экономикалық әлеуетін арттыру жолында еңбек етті. Қоғамдық жұмыстарда да белсенді болып, еліміздегі ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуға зор үлес қосты.

Нәдір Кәрімұлының жарқын бейнесі ұмытылмай, есімі отандық ғылым тарихына алтын әріптермен жазылады», делінген Президенттің жеделхатында.