«Халық санының өсуіне байланысты бізде құрылыс жұмыстарының, әсіресе тұрғын үй бойынша көлемі қарқынды өсуде. 2019 жылы 1,8 миллион шаршы метр тұрғын үй, 2020 жылы 3 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды, 2021 жылғы жоспар бойынша 3,2 миллион шаршы метр тұрғын үй тұрғызу көзделген», деді Алтай Көлгінов мәслихаттың кезектен тыс сессиясында.
Оның айтуынша, бұл - үлкен жұмыс көлемі.
«Бұл - қосымша жұмыс орындары, салықтар, құрылыс индустриясының дамуы, жергілікті қамту. Біздің құрылыс материалдарын немесе басқа компоненттерді, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді шығаратын жұмыс кәсіпорындарымыз мемлекеттік бюджет есебінен ғана емес, жеке инвестициялар есебінен де көптеген тапсырыс алады. Құрылыс жұмыстарының осы көлемінің 80%-дан астамы - жеке инвестициялар», деп атап өтті әкім.
«Біріншіден, бұл біздің қаламыздың экономикалық динамикасына – салық түсіміне, жаңа жұмыс орындарын құруға, өндірісті дамытуға және тағы басқасына оң әсер етеді. Сондықтан 3,2 миллион шаршы метр тұрғын үйді жылумен, сумен, кәрізбен, инженерлік желілермен қамтамасыз етіп, абаттандыру қажет», деп түйіндеді Алтай Көлгінов.