Елорда • 25 Тамыз, 2021

Елордада екі газ қазандығы салынады

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада екі газ қазандығы салынады

«Бізде жылу беру маусымы ауа райына байланысты 7,5, тіпті 8 айға созылады. Бұл экономикаға өте үлкен жүктеме. Президент тапсырмасына сәйкес үшінші Жылу электр станасының жұмысын жандандырдық. Келер жылы іске қосуға тиіспіз. Ол 420 Гкал жылу береді немесе 6,5 млн шаршы метр тұрғын үй мен басқа да нысандарды жылумен қамтамасыз етеді», деді қала әкімі Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында.

Қала басшысының айтуынша, елордада жыл сайын 3 млн баспана салынатын болады. Ал мұндай жағдайда аталған станса қаланы жылумен толықтай қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан өткен жылы шешім қабылданып, Үкімет мақұлдаған. Әрбірі 360 Гкал болатын 2 жаңа газ қазандығының құрылысына қаржы бөлінеді.

«Келесі жылдың соңына қарай 1 100 Гкалдан астам жылу алуымыз керек. Бұл елордамыздың, әсіресе жаңа құрылыс аудандарының ұзақмерзімді тыныс-тіршілігін қамтамасыз етеді. Мәселен, 2020 жылы тек Есіл ауданының тұрғындары 40 мың адамға өсті. Бұл облыстардағы 2-3 аудан тұрғынымен тең», деді Алтай Көлгінов.