Турнирдің топтық кезеңі аясында қазақстандық жасақтың алғашқы ойыны Украина құрамасына қарсы өтті. Украиндықтар Кубоктың алдыңғы ұтыс ойындарында жақсы нәтиже көрсетіп, топтық кезеңнен сенімді өтті.
Есепті қарсылас команда ашты, ал қазақстандық ойыншыларға алғашқы ұпайларын жинау үшін екі минуттай уақыт қажет болды. Бірақ бір минуттан кейін командалар 4:4 есебімен теңесті. Алайда, біздің команда ойын тізгінін қолға ала алмады.
Ойынның екінші бөлігінде украиндықтар ойынға айтарлықтай қосылып, тек 2 ұпай болған шоттағы айырмашылық тез арта бастады. Нәтижесінде «Дала қасқырлары» матч қорытындысы бойынша 12:22 есебімен ұтылды.
Украиндықтармен ойында Арсен Ордоков пен Родислав Родионов өз есебіне 5 ұпайдан жазып алса, Артем Тугалев командаға екі ұпай әкелді.
Қазақстан да, Индонезия да турнирдегі алғашқы ойындарынан жеңіліп қалды. Сондықтан екі команда үшін де бұл матч өте маңызды болды, өйткені жеңімпаз команда плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап қала алады.
Есепті «Дала қасқырлары» ашса да, индонезиялықтар алға шықты. Жалпы, екі топ арасындағы кездесудің бірінші жартысы нәтижелі әкелмеді. Десе де, ойынның екіншісі жартынысында «қасқырлар» жеңісті 17:15 есебімен жұлып алып, плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап қалды.
Бүгін «А» тобы аясында тағы екі кездесу өтті. Алдымен Бразилия Индонезияны 16:9 есебімен жеңді, содан кейін Украина Бразилияға 8:22 есебімен үлкен жеңіліс әкелді. Осылайша, Индонезия екі жеңіліспен топтық кезеңнен өту мүмкіндігін жоғалтты, ал Қазақстан мен Бразилия бетпе-бет қарсылықта турнирдің финалдық кезеңіне шығу үшін күресетін болады.