Нұр-Сұлтан қаласының әкімі биыл 15 мектеп салынатынын атап өтті. Бұл 40 мыңнан астам оқушыға арналған жаңа білім ордасы. Жоспарлы көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе және 2019 жылмен салыстырғанда 4 есе көп.
Құрылыс кезінде мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуы да ескеріледі: IT және STEM-кабинеттер арқылы оқушылар 3D-объектілерді құра алады, роботтарды жасап үйреніп, ғылыми-техникалық білімдерін бірден практикада қолдануға мүмкіндік туады. Оқу орындары қаланың барлық ауданында, соның ішінде тұрғын алаптарында салынып жатыр.
Елордада алдағы 5 жылда жол картасы аясында 67 мектеп салу жоспарланып отыр. Оқу орындарын салу, оның ішінде жеке инвестиция тарту есебінен жүргізілуде. Бұл үш ауысымды және оқушылары тым көп мектептердің проблемасын шешеді.