Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.
Сонымен қатар Швецияның Уппсала қаласында қосымша мутациясы бар жаңа «дельта» штамы тарала бастады. Пандемия басталғаннан бері «Дельта» инфекциясы 163 мемлекетте тіркелді, «альфа» штамы - 192 елде, «бета» нұсқасы - 141 мемлекетте, «гамма» түрі 86 елде расталды.
Жуық арада Польшаның үкімет жанындағы медициналық кеңесі коронавирусқа қарсы вакцинаның үш компонентті түрін қолдану мәселесін қарастырады. Қазіргі таңда негізінен COVID-19 вакцинациясын екі компонентті үлгілері қолданылып келеді. Бұл туралы Польшаның Денсаулық сақтау министрі Адам Недзельский мәлімдеді.
Индонезияда билік Ява мен Бали аралдарындағы коронавирусқа қарсы шаралардың 30 тамызға дейін ұзартылғанын хабарлады. Қызмет көрсету саласындағы мекемелер мен қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысына аздаған шектеу енгізіледі. Сондай-ақ компания қызметкерлерінің 30-50%-ы үшін қашықтан жұмысқа ауысады.