Спорт • 25 Тамыз, 2021

Паралимпиада-2020: 26 тамыздағы жарыс кестесі

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Паралимпиада ойындарының екінші жарыс күнінде Қазақстан пара пауэрлифтингтен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Egemen.kz  Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Паралимпиада-2020: 26 тамыздағы жарыс кестесі

2018 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Алина Солодухина 45 келіге дейінгі салмақта, ал Азия ойындарының күміс жүлдегері Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақта жүлдеге таласады.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13:30-да 45 келіге дейін Әйелдер арасында Пара пауэрлифтинг спорт түрінен Алина Солодухина бақ сынаса, 15:30-да Ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта Давид Дегтярев өнер көрсетеді.