Әлем • 25 Тамыз, 2021

Коронавирусқа қарсы төрт түрлі вакцинаны жеті рет салдырған

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Колумбияда коронавирусқа қарсы вакцинамен жеті рет егілген ер адам анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Noticias Caracol сайтына сілтеме жасап.

Коронавирусқа қарсы төрт түрлі вакцинаны жеті рет салдырған

60 жастан асқан ер адам Sinovac, AztraZeneca, Pfizer және Janssen вакциналарын салдырған.

«Бұл ретте вакциналар ешқандай қосалқы реакциялар туғызған емес. Шамасы, бұл адамның психологиялық проблемалары болуы мүмкін. Аталған дерек бойынша тергеу шаралары басталды», делінген хабарламада.