Спорт • 25 Тамыз, 2021

Бибісара Асаубаева шахматтан Азия чемпионы атанды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азия чемпионы атағына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бибісара Асаубаева шахматтан Азия чемпионы атанды

Бұл туралы жас чемпион өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«Бүгін мен әйелдер арасында Азия чемпионы атағын жеңіп алдым! Бұл менің алғашқы маңызды атағым! Мереке соңы концертке ұласты! Мен бәрін жақсы көремін», деп Бибісара қуанышымен бөлісті.

Турнир 2021 жылдың 23-25 тамыз аралығында Тornelo ойын платформасында өтті. Чемпионатқа Азиянын 15 елінен 74 ойыншы қатысты, оның ішінде 9 халықаралық әйелдер гроссмейстері, 8 халықаралық шеберлер мен 22 әйелдер шахмат шеберлері бар.

Осылайша, Бибісара 2021 жылғы 25 қазан мен 8 қараша аралығында Латвияның Рига қаласында өтетін Fide Women's Grand Swiss 2021 турниріне жолдама алды. Бұл турнир 2021-2023 әлем чемпионатының біліктілік цикліне кіреді. Турнир Швейцария жүйесі бойынша 11 турмен өтеді, оған 50 үздік шахматшы қатысады.