Жақында Ресейдің бірінші арнасында танымал композитор, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Александр Зацепиннің 95 жасқа келуіне арналған шығармашылық кеші болды. Сонда мерейтой иесі тоқсан беске келсе де, қарттыққа бой алдырмаған сырбаз қалпында күйсандықта ойнап, тыңдармандарды тамаша туындыларымен тәнті етті.

Ресейдің Новосібір өлкесінде дәрігер отбасында өмірге келген Александр Зацепиннің өнер жолы Қазақстанда басталған. Ол әскерден келіп, туған жеріндегі жергілікті филармонияда қызмет істеп жүргенде, Алматыға гастрольдік сапармен келіп, асқаралы Алатаудың ғажап табиғатына таңғалып, осы қаладағы музыкалық училищеге оқуға түсуді жөн көреді. Алайда жақындары оған училище емес, Алматы консерваториясына баруға ақыл қосады. Сөйтіп, болашақ композитор аталған жоғары оқу орнының фортепиано және композиция бөліміне түсіп, көрнекті композитор Евгений Брусиловскийден тәлім алып, «Старик Хоттабыч» атты дипломдық жұмысы Алматы опера және балет театрында сахналанды.
Жасынан музыкаға жақын болып өскен талапты жас консерваторияны аяқтағаннан кейін «Қазақфильм» киностудиясына музыкалық көркемдеуші болып орналасып, осы қызметте жүргенде көрнекті режиссер Шәкен Аймановтың жұртшылық әлі күнге дейін қызығып қарайтын «Біздің сүйікті дәрігер» фильміне музыка жазып, жаңа қырынан көрінді. Одан кейін композитор Шәкен ағамыздың классикаға айналған «Тақиялы періште» фильміне де музыка жазып, есімі елге танылды.
Осыдан сегіз жыл бұрын астанада Александр Зацепиннің шығармашылық кеші өткенде, Мәскеуден ат артып келген композитор көпшілік алдында өнер жолындағы азды-көпті биіктерді бағындыруына жол ашқан Шәкен Айманов секілді ұлы режиссерді ешқашан ұмытпайтынын айтып, оған деген ризашылығын білдірген еді.
Талантты тұлғаның одан кейінгі өнер жолы Мәскеуде жалғасып, танымал кинорежиссер Леонид Гайдаймен шығармашылық байланыс орнатып, айы оңынан туды. Айтулы азамат бір сұхбатында «Егер Гайдай Никита Богословскиймен ренжісіп қалмағанда, менің бағымның жануы екіталай еді» деп айтқан екен. Расында, композитор дарынды режиссердің «Ы» операциясы немесе Шуриктің басқа да басынан кешкендері», «Кавказ тұтқыны», «Гауһар қол», «Иван Васильевич мамандығын ауыстырады» комедияларына музыка жазып, жұлдызы жарқырай түсті.
Жалпы, Зацепиннің киноға жазған туындылары ғана емес, әндері де кезінде хитке айналды. Мәселен, оның «Есть только миг», «Куда уходит детство», «Так же, как все» атты және т.б. әсем әуезге толы әндерін қазіргі жас әншілер де жиі шырқайды. Композитордың ақын Леонид Дербеневпен шығармашылық достығының нәтижесінде 100-ден аса ән жазылып, тыңдармандарының жүрегіне жол тапты.
Сондай-ақ өткен ғасырдың 70-жылдары әйгілі әнші Алла Пугачевамен танысып, екеуінің шығармашылығының нәтижесінде жұрт сүйіп тыңдайтын бірқатар туынды дүниеге келді. Сонымен қатар сол жылдары композитор өз пәтерінде жеке студиясын ашып, көптеген музыкалық шығармалардың заман талабына лайық аранжировкасын жасады.
1978 жылы композитордың «31 маусым» фильміне жазған музыкасын да жұртшылық өте жылы қабылдады. Өнертанушылар оны айтулы өнер иесінің шығармашылық бір белесі деп бағалады. 1982 жылы Александр Зацепин азаматтығын өзгертпестен Францияға тұруға кетіп қалды. Сол кезде оның шығармалары біраз сынға ұшырайды. Алайда композитор қайта құру дәуірі басталғанда, яғни сексенінші жылдардың соңында отанына оралып, бірқатар фильмдерге музыка жазып, режиссер Леонид Гайдаймен бірге шығармашылық байланысын қайта жалғастырады.
Атақты композитор бүгінге дейін 300-ден аса ән мен 120-дан астам фильм мен мультфильмге жазған музыкасымен ғана емес, сабырлы, байыпты, қарапайым болмысымен де халықтың қошеметіне бөленді.
«Тұмар-2022» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Қазақстан • Бүгін, 21:05
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 20:42
Салық жүйесі тұрақты әрі түсінікті болуы керек – Ерлан Қошанов
Үкімет • Бүгін, 20:22
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 20:00
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Бүгін, 19:37
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 19:20
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Бүгін, 19:08
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Бүгін, 18:53
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:30
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 18:12
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 17:59
СҚО-да заңсыз жалға берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 17:43
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:19
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 17:06
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Бүгін, 16:55
«АМANAT» партиясы жанынан Энергетика комитеті құрылды
Қоғам • Бүгін, 16:24
Әлем • Бүгін, 16:06
Қазақстанда тұрмыстық техника 18 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:55
Қаржы • Бүгін, 15:47
«Самұрық-Қазына» «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын IPO-ға шығатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:37
Жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:25
Кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 15:17
Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Елордада қала күні қалай тойланады
Елорда • Бүгін, 14:50
Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Биыл 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қоғам • Бүгін, 14:35
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Атырауда «Жайық Жарығы» ЖШС директоры сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады
Аймақтар • Бүгін, 12:40
Ресми хабар таратудың жаңа форматына көшу керек – Смайылов
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:28
Ұқсас жаңалықтар