23 Қаңтар, 2014

Ұлы мұраттардың ұстанымы

243 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Барлық деңгейдегі әкімдер және мәслихат депутаттары, облыстық, орталық атқарушы органдар бөлімшелерінің, құқық қорғау органдарының, шаруашылық жүр­гізуші нысандардың, мемлекеттік меке­мелердің, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың басшылары, ақпараттық-насихаттық топтардың мүшелері қатысқан облыс активінің жиынында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір бола­шақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын тү­сіндіру және насихаттау мәселелері тал­қыланды.

 

Барлық деңгейдегі әкімдер және мәслихат депутаттары, облыстық, орталық атқарушы органдар бөлімшелерінің, құқық қорғау органдарының, шаруашылық жүр­гізуші нысандардың, мемлекеттік меке­мелердің, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың басшылары, ақпараттық-насихаттық топтардың мүшелері қатысқан облыс активінің жиынында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір бола­шақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын тү­сіндіру және насихаттау мәселелері тал­қыланды.

Елбасының биылғы Жолдауын талқы­лауға арналған актив жиынында сөз алған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бұл жолғы Жолдаудың дамыған отыз елдің қа­тарына енуге бағыт ұстаған Қазақстан үшін аса маңызды екенін атап өтті. «Қа­зақ­стан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүд­де, бір болашақ» атты Жолдаудың «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың нақты жолдарын айқындап берген тарихи құжат екеніне назар аударды.

– Жолдауда «Стратегия – күннен-күнге, жылдан-жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты прак­тикалық істер бағдарламасы. Бірақ, на­рықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің міндеті – осыған барлық жағдайды жасау. Мен елімнің әлемнің озық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін», – деп атап өткенін жеткізді.

Әкім Елбасы алға қойған асқаралы міндеттерді орындауда өңірдің өзіндік ілгерілеу іздері бар екеніне тоқталды. Облыста өткен жылда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 1 триллион 352 миллиард теңге құрағанын айта келіп, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 14,5 пайызға өскенін ілгерілеудің айқын мысалы ретінде алға тартты. Тау-кен, металлургия, никель, алтын өндіру салаларында ірі жобалардың жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек ете келіп, егіншілікті дамытуға бағытталған қадамдардан да хабардар етті. Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы оң өзгерістерді де Елбасының Қазақстан халқына биылғы Жолдауымен сабақтастыра әңгімеледі. Және де Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасындағы жеті басымдықты тарқата баяндай келіп, облыста ол міндеттерді орындауға байланысты атқарылатын жұмыстар мен жүзеге асырылатын ірі жобаларды саралап, талдап өтті. Елбасы алға қойған міндеттердің орын­далуының өңірдегі алғышарттары қазірдің өзінде жасалғанын айта келіп, тиімділігі жо­ғары жобалардың жай-күйімен таныс­тыра кетті.

– Елбасы алдағы 7 бесжылдықтардың әрқайсысында атқарылатын жұмыстарды белгілеп берді. Ал оларды сол жоспарланған жолмен орындап шығуға жұмылу біздің әрқайсысымыздың азаматтық міндетіміз болуға тиіс – деді Архимед Бегежанұлы.

Елбасы Жолдауын талқылауға қатыс­қан­дар бұл тарихи маңызды құжатты бола­шағымызды айқындауға бағытталған баянды бағдарлама ретінде бағалады. Жолдауда «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың жолдары нақтыланғаны да әңгіме өзегіне айналды.

Актив жиынын қорытындылаған облыс әкімі Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауын тұрғындарға түсін­діру және насихаттау мақсатында облыста 1600 мүшесі бар 400 ақпараттық-наси­хаттық топ құрылғанын, олардың әрбір елді мекендегі әр тұрғынды Жолдау жолдарында айтылған міндеттермен таныстыратынын мәлімдеді.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар