Спорт • 26 Тамыз, 2021

Мақсаты биік Нилуфар

221 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Күрес түрлерінен Өфеде өткен 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде чемпион атанған түркістандық Нилуфар Раимова және қола жүлдегер Мәдина Аман елге оралды. Еркін күрес бойынша сынға түскен келестік балуан Асылжан Есенгелді де қола жүлдені иеленген болатын. Сала мамандары бұл Түркістан облысы құрылғалы бері спортшылардың әлем біріншіліктерінде тұңғыш рет қол жеткізген, ал қазақ елі үшін 13 жылдан кейін келген жеңіс екенін айтуда.

Мақсаты биік Нилуфар

Түркістан халықаралық әуе­­­­­жайында спортшыларды жерлесте­рі, ағайын-туыстары, зия­лы қауым өкілдері сән-сал­та­­натпен қарсы алды. Атал­ған шарада сөз ал­ған облыс әкі­мі­нің орынбасары Сәкен Қалқаманов ел мерейін асыр­ған спортшыларға жылы лебізін біл­дірді. Сонымен қатар әлем чем­пио­ны Нилуфар Раимоваға
1 000 000 теңгелік сертификат, қола жүлдені қанжығасына бай­лаған Мәдина Аманға 500 000 тең­гелік сертификатты қала әкімі Нұрбол Тұрашбековпен бірге салтанатты түрде тапсырды.

Әлем чемпионы Нилуфар Раимова – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің 3-курс студенті. Мем­лекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша білім алу­да. Екі қыз да – Әбдісалан Нұрма­ханов атындағы олимпиада ре­зервінің мамандандырылған ба­ла­лар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті. Балуан­дар­дың нәтижелі өнер көрсетуіне ең бірінші кезекте білікті бап­кер Нұржігіт Ерім­бетовтің сі­ңір­ген еңбегі ерен. Бапкер шә­кірт­терінің жүлде алатынына се­німді болғанын айтады. «Әлем чемпионы атанған Ни­лу­­фар Раимова да, қола жүл­де ал­­ған Мәдина Аман да – төл шә­кірт­­терім. Екеуі 12-13 жасынан бас­тап күреспен айналысты. Нилу­фар ел біріншіліктерінде 6 рет топ жарған. Одан бөлек «Азия балалары» ойындарының күміс жүлдегері атанғаны бар. «ҚР спорт шебері» атағын иемденген. Кешегі жеңісінен кейін «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері» нормативін орындады. Мәдина Қазақстан чемпионатында жүлдегер атанса, жас­тар арасындағы ел біріншілігінде топ жарған. Енді, міне, әлем бірін­шілігінде қола жүлдеге ілініп отыр», дейді Нұржігіт Ерімбе­тов. Әлем біріншілігінде алғаш­қы айналымда ресейлік балуан­мен болған кездесу қиындау болға­нын айтқан Нилуфардың алға қойған мақсаты да биік. «Күреске алғаш тәтем алып келді, жаттықтырушы залда байқады. Шамамен бір апталық жаттығудан кейін турнирге қатысып, жеңіске жеттім. Содан кейін спортпен айналы­сып, күресті жалғастыруға қы­зы­ғушылық пайда болды. Алла қаласа, алдағы уақытта Олим­пиа­даға қатысу үшін барымды сала­мын, дайындаламын», дейді әлем чемпионы.

Еске сала кетейік, алтыннан алқа тағынған Нилуфар Раимова 57 кг салмақта өзінің мықты еке­нін дәлелдеді. Алғашқы кез­десуінде ресейлік Анастасия Коз­лованы 6:5, белоруссиялық ­Мария Хулиданы 12:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда түркиялық Эльвира Камалоглудан 4:2 есе­бімен басым түсті. Ал финалдық кез­десуде италиялық Аврора Рус­сомен кездесіп, 8:6 есебімен же­ңіске жетті.

 

Түркістан облысы