Аймақтар • 26 Тамыз, 2021

Шекара бөліміне Елбасы есімі берілді

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан үкіметі 2021 жылғы 18 тамызда Алматы облысындағы Баянкөл шекара бөліміне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы шекара бөлімі деп қайта атау беру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шекара бөліміне Елбасы есімі берілді

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекеме - Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының «Баянкөл» шекара бөлімі «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі - Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы шекара бөлімі» деп қайта аталсын, делінген құжатта.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.