Оқиға • 26 Тамыз, 2021

Испанияда үш қабатты үй құлады

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 тамызда Испанияның Валенсия маңындағы Пенискола қаласында үш қабатты үй құлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Испанияда үш қабатты үй құлады

Құтқарушылар тірі қалған бір адамды қирандылар астынан шығарды.

Ал үйінді астында қалған екі адамды табу қиынға соққан. Кеше күні бойы қирандылар арасынан тіршілік белгілері байқалмады. 

20 пәтер орналасқан үйдің салынғанына 10 жылдан асқан. 

Ғимаратта Жерорта теңізінің жағалауына демалуға келген туристер тұрып келген. Төтенше жағдай кезінде олардың бір бөлігі қала орталығында серуендесе, қалғаны жағажайда болған.