23 Қаңтар, 2014

Әлемдік стандартқа сай болуымыз керек

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биылғы Жолдауда Елбасы мемлекет алдына үлкен, ауқымды мақсат-міндеттер қой­ды. Бұл жолғы Жол­даудың бір құндылығы мынада: онда Қазақ­стан­ның ұлттық «Мәң­гілік Ел» идеясы тура­лы айтылып, оған ай­рықша мән берілді.

 

Биылғы Жолдауда Елбасы мемлекет алдына үлкен, ауқымды мақсат-міндеттер қой­ды. Бұл жолғы Жол­даудың бір құндылығы мынада: онда Қазақ­стан­ның ұлттық «Мәң­гілік Ел» идеясы тура­лы айтылып, оған ай­рықша мән берілді.

«Мәң­гілік Ел» дегеніміз – Қазақстан ұлтының, Қазақстан тәуелсіздігі мен мемлекетінің мәңгілік болуы. Бүгінгі күнге дейін «біздің ұлттық идеямыз не?» деген сауалдың қоғамды толғандырғаны анық. Себебі, мұндай идея талай ғасырлардан бері өз құндылығын жоғалтқан емес. Бұл ретте, Жолдаудың өзегінде ұлттық «Мәңгілік Ел» идеясы жатқаны бізді айрықша қуантты.

Сондай-ақ, мемлекетті алға жылжытатын тетіктер – білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет салаларын дамыту мәселелеріне де Жолдауда айрықша мән берілген. Мәселен, мәдениет саласы туралы айтқанда, Мемлекет басшысы мәдениеттің әлемдік стандартқа сай келу қажеттігін атап өтті. Ол үшін мәдениеттің өз даму бағдарламасы, өз даму кластерлері құ­ры­луы тиіс. Бұлардың барлығы Елбасы айт­қан­дай, мәдениет саласының барлық тетік­терін дүниежүзілік озық стандарттарға сәйкес­тендіруіміз үшін қажет.

Біз әлем елдерін көп аралаймыз. Шетелдік сапарлар кезінде әлемдік, дүниежүзілік озық стандарттарды көреміз. Әрине, біз сондай кезде әлемдік деңгейдегі озық стандарттардың өз Отанымызда, Қазақстанда болғанын қалайтынымыз анық. Біз болашақта осы бағытта еңбек ететін боламыз. Мәселен, біздің алдағы уақыттың еншісіндегі бір арманымыз – ұлттық симфониялық оркестр құру. Біз осындай жобаларды жүзеге асыру арқылы ұлттық мәдениетімізді бар әлемге танытқымыз келеді. Бүгінде бізде мұндай жобаларды жүзеге асыратын талантты, дарынды, білікті жастар жетерлік.

Айман МҰСАҚОЖАЕВА,

Қазақстанның халық әртісі,

Қазақ ұлттық өнер

университетінің ректоры.

Соңғы жаңалықтар