«Бұл - өте ауқымды шара. Екі апта бойы әлем теннисінің назары Қазақстанға ауады, өйткені алдымен ерлер арасында ATP 250 турнирі өтеді, содан кейін бірден әйелдер WTA 250 басталады. Біз әлем теннисшілері мен жанкүйерлерін ұмытылмас жақсы әсерге бөлеу үшін бар күшімізді саламыз», дейді Astana Open WTA 250 турнирінің директоры Питер Джонстон ҚТФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Әйелдер арасындағы турнирдің негізгі кезеңіне Қазақстан құрамасының барлық көшбасшысы қатысады. ATP 250 және WTA 250 басталмас бұрын Нұр-Сұлтанда Қазақстан чемпионаты өтеді. Жеңімпаздар негізгі кезеңге wild card алады, ал финалистер іріктеу ойынына қатысады.