Білім • 26 Тамыз, 2021

Мұғалімдердің жүктемесі 16 сағатқа азаяды

3127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, мұғалімдердің жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа азаяды, деп жазады Egemen.kz.

Мұғалімдердің жүктемесі 16 сағатқа азаяды

ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заң аясында мемлекеттік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің айлық жалақысын есептеу үшін бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі:

- Орта мектеп оқытушылары үшін – 16 сағат;

- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарына және білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін – 18 сағат болып бекітілді.

Заңның аталған нормалары 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.