Жамбыл облысында орналасқан Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің қасында Байзақ ауданының Үшбұлақ (120 тұрғын), Жібек жолы (500 тұрғын), Қайнар (85 тұрғын) елді мекендері орналасқан. Тұрғындар қазір қауіпсіз жерге көшірілді.
Өртті сөндіру үшін 12 техника мен Төтенше жағдайлар министрлігінің 42 қызметкері, сондай-ақ әскери бөлімнен 8 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.
Оқиға орнына 16 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, сағат 21: 00-дегі жағдай бойынша 7 адам жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді.
Құрылған жедел штабтың басшысы - облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен жақын елді мекендердің тұрғындарын көшіру жұмыстары жүргізілді.
Оқиға орнына Жамбыл облысы әкімдігінен жауапты тұлғалар, облыс басшысының орынбасарлары Т.Ш.Мамаев, Кәрібек Д.Ж аттанды.
«Біз Тараз қаласының тұрғындарынан үйлерінен шықпауды, терезеге жақындамауды сұраймыз. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады», деп хабарлады әкімдіктен.
Айта кетейік, бүгін кешке Жамбыл облысындағы әскери бөлімде жарылыс болды.