Аймақтар • 26 Тамыз, 2021

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде жарылыс болды

629 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлім қоймаларының жанында өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде жарылыс болды

Аталмыш бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды.

«Өртті сөндіруге әскери бөлімнің шынжырлы өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысының ТЖД өрт сөндіру есептоптары көмектесіп, өрт ошағын жоюға тырысып жатыр», деп жазады Қорғаныс министрлігі.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от В Таразе всегда солнечно (@vtvs_taraz)