Тастай берік, гүлдей нәзік адамзат баласының басына тиген пандемия соққысы қаншалықты есеңгіретіп жіберсе де, әлем біртіндеп ес жинап, өзінің күш-жігерінің сарқылмағанын, Жер шарында әлі талай жарқын сәттер болатынын дәлелдей бастады.

Былтыр індеттің алғашқы екпінімен тоқтап қалған Токио олимпиадасы биыл дүбірлеп өтіп, тарих қойнауына кетті. Сол сияқты Дубайда өтуі тиіс болған «ЭКСПО-2020» көрмесі де алдағы қазан айынан бастап келер жылдың наурыз айының соңына дейін адамзаттың шығармашылығын, инновацияларын, прогресі мен мәдениетін танытатын пандемия кезеңіндегі ең ірі жаһандық жиындардың бірі болмақ. Міне, осылай Жер бетіндегі жасампаз тіршілік ең бір күрделі кезеңде де жалғаса бермек.
Ал елімізде карантиндік шектеулер қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бұрын, қай жерде де қадамымызды шектеуге ұласып бара жатыр ма деген ойға қалғандар баршылық. Себебі қалаларда біраз уақыт бойы сенбі, жексенбі күндері қоғамдық көліктің жүруіне рұқсат берілген жоқ. Сауда орталықтарының да қызметі шектелді. Бірақ парадокс деуге де бола ма, жұмыс күндері ығы-жығы толған автобустарда да, түрлі қызмет көрсету нысандарында да, жабық ғимараттарда да толымдылықты 50 пайызға ғана сақтау талабы орындалмағанына дүйім жұртшылық куә. Содан да болар, ел ішінде «бұл вирус демалыс күндері елмен бірге демалады екен» деген қыжыртпа сөз де тарады. Әлеуметтің әлеуеті әлсіреді.
Жуырда алматылық кәсіпкерлер демалыс күндерінің бірінде жұмыс істеуге рұқсат сұраған болатын. Өйткені шаһардағы 150 мыңға жуық жеке кәсіпкерлердің басым бөлігі демалыс күндері енгізілген локдаунға байланысты табыстарының жартысынан қағылғанын жеткізді. Бұл әсіресе базарлар мен сауда орындарына қатысты кеп.
Міне, осы жағдайларды есепке алған болар, апта ортасында ел аумағындағы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен карантин шектеулері едәуір жеңілдетілді. Қоғамдық көліктердің қозғалысына сенбіде рұқсат берілетін болды. Ең бастысы, Ashyq жүйесін қолданушы бизнес нысандарына түн ортасына дейін жұмыс істеуге жол ашылмақ. Сондай-ақ білім беру саласындағы қызметкерлерді толығымен вакциналау да оффлайн форматта басталатын жаңа оқу жылының қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз етуді көздейтіні анық.
Мұның барлығы, пандемия кезеңіндегі қауіпсіздіктің ортақ мақсат, ортақ мүдде екенін көрсетеді. Яғни азаматтар вакцина алудың қоғамның медициналық қауіпсіздігіне ғана емес, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігіне де қосар үлес екенін саналы түрде бағамдайтын кезең туды. Бұл үшін ең басты қажеттілік – қоғамның өзара түсіністігі. Бұл отбасылық деңгейден бастап халықаралық дәрежеге дейін пандемия проблемаларын бірге күресу арқылы жеңуге болатынын түсіну. Бұған мысал ретінде «Экспо-2020» көрмесін ұйымдастырушылардың YouGov-пен бірлесіп өткізген сауалдама барысында COVID-19 туғызған әлемдегі түбегейлі өзгерістер контекстінде адамдардың көңіл-күйі мен сезімін зерттеуін айтуға болады. Бұл зерттеуге 2021 жылы 24 елден 22 мың адам қатысқан екен. Сауалдама алынған төрт қазақстандықтың үшеуі адамдар арасындағы өзара түсіністіктің пандемия сияқты жаһандық проблемаларды шешу үшін негізгі маңызы бар деп санайды. Әлемде сауалдама алынғандардың 86 пайызы да жаһандық проблемаларды шешу үшін елдер бірге жұмыс істеуі тиіс деп есептейді. Ал қазақстандықтардың 50 пайызы басқа елдерден келген респонденттер сияқты келесі онжылдықта әлеуметтік мәдени әртүрлілікке бейілділік және толеранттық деңгейінің жоғары болатынына сенетінін білдірген. Сондай-ақ Қазақстанда болашақта дамыту үшін қай салалар анағұрлым басым болатынын анықтау барысында, сауалдама алынғандар «экологиялық әділдік» – қоршаған ортаны қорғау заңына құрмет; жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау және пандемиядан кейін әлемде алға жылжу үшін маңызды қадамдар ретінде халықаралық ынтымақтастықты атап көрсеткен. Сондай-ақ еліміздегі респонденттердің 74 пайызы озық технологиялар әлем бойынша қауымдастықтар құруды жалғастыратынымен және адамдарды жақындастыруға ықпал ететінімен келіседі.
Бұдан шығатын қорытынды – оқу үшін де, өзіңді дамыту үшін де, еңбек етіп, кәсіп қылу үшін де баршаға ортақ жалғыз міндет – вакцина алу. Яғни пандемияны өзіңе де, өзгеге де зиян тигізбеу деген парасатты пайыммен ғана жеңуге болады.
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Бүгін, 17:10
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Бүгін, 17:01
Солтүстік өңірлерде күн суытады
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров сарбаздармен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 16:42
Колумбияның оңтүстік-батысында 300 адам үйлерін тастап кетті
Әлем • Бүгін, 16:30
Елордада 5 мыңға жуық үй газға қосылды
Елорда • Бүгін, 16:22
Әйелін ұрып өлтірген ер адам 17 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 16:15
Елордада табысы аз отбасыларға әлеуметтік карта беріледі
Елорда • Бүгін, 16:02
Қаржы • Бүгін, 15:56
Нұр-Сұлтанда балаларға арналған жәрмеңке ашылды
Елорда • Бүгін, 15:43
БҚО мектептерінде 210 мұғалім жетіспейді
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Оқиға • Бүгін, 15:25
Алматының Түрксіб ауданында 13 ескі үй сүріледі
Аймақтар • Бүгін, 15:17
Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде балық қырылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Мерей Базарбаев Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Күрес • Бүгін, 14:52
Қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Қоғам • Бүгін, 14:47
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:39
Түркістанда танысын жұмысқа орналастырмақ болған алаяқ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:30
Алматыда 1560 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді
Аймақтар • Бүгін, 14:22
«Анталия-Ташкент» рейсінің жолаушылары ұшақ бортында төбелесті
Оқиға • Бүгін, 14:12
Павлодар облысында ауыл тұрғынынан алкоголь тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 14:01
Президент Армения премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 13:55
Қазақстандық зілтеміршілер Ислам ойындарында 10 медаль иеленді
Ауыр атлетика • Бүгін, 13:38
Головкин Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 13:14
СҚО-да жеті айда 129 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:53
Емханаларда көрсетілетін консультация-диагностика қызметтерінің саны артты
Медицина • Бүгін, 12:47
Жамбыл облысында героин сатқан тұрғын ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:26
Елорда әкімі мердігерге ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Қарағанды мешітінде ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Елордалық бес кикбоксер Ислам ойындарының финалына шықты
Елорда • Бүгін, 11:52
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы таныстырылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Елордада кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Елорда • Бүгін, 11:28
Магистратураға түсуге 17 мың талапкер өтініш берді
Білім • Бүгін, 11:18
Алматыда көпқабатты үйден әйел құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:07
Дизельді заңсыз тасымалдаған қызылордалық сотталды
Аймақтар • Бүгін, 11:00
Қоғам • Бүгін, 10:53
Бірқатар өңірде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:40
Нұр-Сұлтан дәріханаларында есірткі сатылып келген
Елорда • Бүгін, 10:34
Ұқсас жаңалықтар