Оқиға орнына апарар жолдар, автожолдар мен «Тараз-Алматы» бағытындағы теміржол уақытша жабылған. Қазіргі кезде Тараз қаласының мектептеріне Байзақ ауданының Қайнар, Ботамойнақ, Жібек Жолы ауылдары және Үшбұлақ стансасының 1 200-ге жуық тұрғыны эвакуацияланған.
Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы өрттің тұтануы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 462-бабына (Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) сәйкес соталды тергеу басталды. Қоғамдық тәртіпті сақтау және тонауды болдырмау мақсатында эвакуацияланған елді мекендерді қоршау және патрульдеу ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі тексерілмеген немесе көрінеу жалған ақпаратты таратуға жол берілмейтіні туралы ескертеді.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, осы ахуалға байланысты қандай да бір туындаған сұрақтар үшін: - 109 телефон нөмірі; - 8-778- 810-91-09 ватсап желісі арнайы іске қосылды. Сонымен қатар, - 8(7262) 51-41-67 телефон нөмірі арқылы жедел желіге хабарласуға болады.