Аймақтар • 27 Тамыз, 2021

Жеке дұшпандығы үшін аяусыз ұрып-соққан

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында екі ер адам жеке басының араздығынан Атбасар тұрғынын аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жеке дұшпандығы үшін аяусыз ұрып-соққан

Ақмола облысының полицейлері адамның жоғалуына қатысы бар Атбасар қаласының екі тұрғынын ұстады.

«Қылмыскерлердің құрбаны – 33 жастағы жергілікті тұрғын. Ол 25 тамызда сағат 04.00-де Атбасар аудандық ауруханасына жабық бас сүйек-ми жарақатымен және бас миының шайқалуымен түсті. Сол түні қылмыскерлер жәбірленушіні жабық гаражда ұстап, дене жарақатын тигізгені алдын-ала анықталды. Тергеу шаралары барысында барлығы жеке дұшпандыққа байланысты болғаны анықталды», делінген хабарламада.

Атбасар АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қаскүнемдерді «ізін суытпай» ұстады. Күдіктілер - Атбасардың екі тұрғыны, бұрын бопсалау мен ұрлық жасап сотты болған.

Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК-нің 125-бабының 2-бөлігі «Адамды ұрлау» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.