«26 тамыз күні сағат 18:45-те Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының инженерлік оқ-дәрігер базасында қоймалардың бірінен өрт шықты. Өртті сөндіруге әскери бөлімнің 3 топ өрт сөндіру командасы шұғыл кіріскен. Әскери бөлім бойынша кезекші бұл жайында Оңтүстік өңірлік қолбасшылық қолбасшысы жедел кезекшілік басқармасына хабарлаған», деді министр Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Оның атап өтуінше, бастапқы кезеңде өртті сөндіруге 500 адам жұмылдырылған. Кейін олардың саны 1 мың адамға, өрт сөндіру машиналарының саны 24-ке жеткізілген.
«Қабылданған іс-шараларға қарамастан өрт шыққаннан кейін 1 сағаттан соң алғашқы жарылыс орын алды. Жалпы қуаты шағын 10-нан астам жарылыс болған. Аталған базада инженерлік оқ-дәрігер сақталады. Олардың бір бөлігі осыдан екі жыл бұрын Арыс қаласынан жеткізілген еді», - деді Нұрлан Ермекбаев.