«Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Өкінішке орай өрт салдарын жою барысында 4 әскери қызметші қаза тапты.
Оңтүстік өңір әскери прокуроры полковник Қапезов, әскери бөлімнің келісімшарт сержанты Мешінбай, келісімшарт ефрейторы Жанболатов және әскерилендірілген күзет қызметшісі Данбаев. Осы сәтті пайдалана отырып, барлық әріптестерімнің атынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын», деді министр Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта бірнеше адаммен байланыс болмай отыр. Дегенмен, олар тірі деген үміт бар. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
«Қазіргі уақытта құрылған жедел тергеу тобы оқиғаның шығу себебін анықтап жатыр. Алдын ала нұсқа қауіпсіздік талаптарын бұзу болуы мүмкін. Өздігінен латералды химиялық реакция болуы да ықтимал. Түрлі себепті жоққа шығармаймыз. Қаза тапқандардың арасында азаматтық тұлғалар жоқ», деді Нұрлан Ермекбаев.