Аймақтар • 27 Тамыз, 2021

Жамбыл облысында саперлер теміржол бойын тексеріп жатыр

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында саперлер теміржол бойын тексеріп жатыр

«Біз кеше теміржол қозғалысын тоқтаттық. Кеше қаламызға 2 жолаушылар пойызы келген болатын. Оларға 20 шақты көлік ұйымдастырып, жолаушыларды баратын жерлеріне жөнелттік. Қазіргі таңда ол жерде жолаушылар пойызы тоқтап тұрған жоқ. Саперлер жұмыс істеп жатыр. Олар теміржолдың бойын тазартып бітеді, одан кейін теміржолшылардың өздері барып қарайды. Содан соң бірігіп шешім қабылдайтын боламыз», деді өңір басшысы Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол тауар таситын, жолаушылар тасымалдайтын көліктер үшін жол алдағы уақытта ашылатындығын айтты.

«Ал көліктерге айналма жол ұйымдастырдық. Негізгі жол оқиға болған жерге жақын болғандықтан уақытша жабық», деді Бердібек Сапарбаев.