26 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 561 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1467, симптомсыз – 94 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 633, келіп түскені – 578. «Инфекциялық стационарларда 5765 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 8 910 ), оның ішінде 166 бала емделуде», деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 469 адам жатыр. Ал 26 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 196 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 216 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 12 868 пациент тұр. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 12 369 науқас. 499 адамда коронавирус белгілері жоқ.