Аймақтар • 27 Тамыз, 2021

Түркістан облысында алаяқтық белең алуда

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы ПД қалалық және аудандық бөлімшелерінің кезекші бөлімдеріне бір тәулік ішінде алаяқтыққа байланысты 10-нан астам хабарлама келіп түсті, деп хабаралайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысында алаяқтық белең алуда

Облыста әлеуметтік көмек немесе мемлекеттік субсидия алу сылтауымен азаматтарды алдаудың 6 фактісі, біреудің атына несие берудің 2 фактісі, «ақша айналдыру» арқылы кірісті ұлғайтудың 1 фактісі және басқалары тіркелді. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен тоғыз миллион теңгені құрады.

Түркістан қалалық ПБ кезекші бөліміне жәбірленуші хабарласып, банктердің бірінде белгісіз біреулер оның атына ірі сомаға несие рәсімдегенін хабарлады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдікті ретінде банктің бұрынғы қызметкерін ұстады. Жас жігіт әйелдің сеніміне кіріп, алдау жолымен клиенттің атына 2 миллион теңгеден астам сомаға несие ресімдегені анықталды. Тергеу шаралары барысында бұл алаяқтың қолынан тағы бір қала тұрғыны зардап шеккені анықталды, ол оның атына 3 миллион теңге несие алған.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ер адам қамауда. Тергеу күдіктінің тағы бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.