Қоғам • 27 Тамыз, 2021

2022 жылдан бастап екі түрлі әлеуметтік жәрдемақы өседі

6971 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» қаулы жобасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

2022 жылдан бастап екі түрлі әлеуметтік жәрдемақы өседі

«2022 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап бес пайызға арттыру жүргізілсін», деп жазылған қаулы жобасында.