Қоғам • 27 Тамыз, 2021

Тараз маңындағы жарылыстан әскери прокурор қаза тапты

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас көлік прокуратурасының баспасөз хатшысы Абырой Халықұлы Тараз маңындағы жарылыс кезінде қаза тапқандардың бірі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараз маңындағы жарылыстан әскери прокурор қаза тапты

«Бүгін таңертең әріптесіміз оңтүстік өңірдің әскери прокуроры Қапезов Арман Қуанышұлының қаза болғаны туралы қайғылы хабар келді.

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған өрт туралы хабарды алған ол оқиғалардың эпицентріне алғашқылардың бірі болып жетті, онда адам өлімінің алдын алуға көмектесуге тырысты. Ол өз ісімен бізге нағыз прокурордың, антқа адал, офицердің үлгісін көрсетті, ол Отан алдындағы борышын орындады», деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісінде.

Халықұлының айтуынша, бүгін полковник Қапезовтің туған күні.

Оны жақын танитын әріптестері оның туған жерін жан-тәнімен сүйетінін, адал және нағыз офицер екенін біледі.

«Ортамызда борышын өтеу үшін өз өмірін беруге дайын жолдастар барда, біз өз қызметімізді абыроймен жалғастырамыз. Мен қаза болғандардың отбасының қайғысына ортақпын. Қаза болған офицерлер, біз әрқайсыңызды есте ұстаймыз, балаларыңыз біздің қамқорлығымызда, енді олардың әкесі, жолдасы болу - әрқайсымыздың міндетіміз», деді ол.