Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 4 адам туралы деректер іздестірілуде. Бұл туралы ТЖМ жанындағы жедел штаб мәлімдеді.
Өрт болған орында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылды, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істейді.
Төтенше жағдайды жоюға барлығы жұмылдырылды:
- ТЖМ - 153 қызметкер, 46 бірлік техника;
- ДП - 400 қызметкер, 54 бірлік техника;
- №28349 ә/б - 8 қызметкер, 2 бірлік техника;
- №5513 ә/б - 273 әскери қызметші, 12 бірлік техника;
- Ұао.гвардия - 520 адам және 250 адам резервте.