«Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі оқыс оқиғаның мән-жайын және кінәлілерді анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарын мұқият жүргізуді қамтамасыз етсін. Бесінші мәселе, Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен дүние-мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдасын», деді ол Жамбыл облысындағы төтенше оқиға бойынша өткен шұғыл жиналыста.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев құзырлы органдарға төтенше жағдай туралы жалған ақпараттың таралуына жол бермеуді міндеттеді.
«Алтыншы мәселе, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдар оқиға туралы жалған ақпараттың таралуына жол бермеу үшін шаралар қабылдасын», деді Президент.