Ережеде көзделгендей, ай сайын, есепті ай басталғанға дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы уәкілетті органға тауардың әрбір түрі бойынша өндірістің, тұтынудың жоспарланған көлемі, қорлардың және экспорттың болуы туралы шоғырландырылған ақпаратты ұсынады.
Уәкілетті орган ай сайын есепті ай басталғанға дейін 12 жұмыс күнінен кешіктірмей әкімдік пен «Атамекен» ҰКП ұсыныстары негізінде өндіріс, тұтыну теңгеріміне, қорлардың болуына сүйене отырып, тауарлардың әрбір түрі бойынша мынадай ақпаратты есептейді және ресми интернет-ресурста жариялайды:
- Тауарларды әкетуге квота алуға өтінімдер қабылдау туралы хабарландыру;
бөлуге жататын квота көлемі; - Бөлуге жататын тауарлар экспортының шекті көлеміне пайыздық қатынаста көрсетілген бір өтінімге арналған лимит (белгіленген кезде);
- Тіркелген бағаны көрсете отырып, ҚР ішкі нарығына кепілдендірілген жеткізілімдердің көлемі (белгіленген кезде);
- Өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты;
- Өтінімдерді қабылдауды жүзеге асыратын уәкілетті органның жауапты адамының электрондық мекенжайы және байланыс телефоны.
Уәкілетті орган алынған өтінімдерді олардың толық толтырылуын (өтінім нысанында көзделген барлық қажетті ақпарат пен құжаттардың болуын, сондай-ақ өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда өтініш берушінің бірінші басшысының не өкілеттіктерін растайтын тиісті құжат негізінде өзге де лауазымды адамның қолының болуын) тексереді.
Белгіленген нысанға сәйкес келмейтін, толық емес немесе дұрыс емес ақпараты бар, белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген өтінімдер қаралмайды.
Енгізілген қағидаларға сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге арналған квотаны бөлуге сыртқы сауда қызметіне қатысушылар Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге жоспарланатын және белгіленген бағалар бойынша ұқсас тауарлардың белгілі бір санын ішкі нарыққа кепілді жеткізу туралы міндеттемелер қабылдаған жағдайда жіберіледі.
Бұйрық 2022 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады. Оның толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады.