Вице-министрдің сөзінше, 1-11 сыныптар үшін 13 мыңнан аса бейнесабақ түсіріліп, Kundelik жүйесіне және министрліктің интернет ресурстарына орналастырылды.
«Барлық өңірге жаңа оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді жеткізу жұмыстары жүргізіп жатыр. Сонымен қатар мектептерде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл 264 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық мектеп тиісті әдістемелік ұстанымдармен қамтамасыз етілді. БҒМ тарапынан инструктивті әдістемелік хат дайындалып, жолданды», деді ол.