Елорда • 27 Тамыз, 2021

Нұр-Сұлтанда сенбі күні қоғамдық көлік жүретін болды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл шешім ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияда, сондай-ақ ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес қабылданды, деп жазады Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда сенбі күні қоғамдық көлік жүретін болды

Жексенбі күндері автобустар жүрмейді. Бұл күні қала автопарктерінің автобустары ауқымды дезинфекциядан өтеді. Бұл ретте жолаушылар жиі ұстайтын тұстарды өңдеуге ерекше назар аударылады.

Айта кету керек, автобустарда дезинфекциялық жұмыстар ауысымнан кейін күн сайын жүргізіледі. Сонымен қатар, соңғы аялдамаларда салонды дезинфекциялық ерітіндімен өңдеу де жүзеге асырылады. Жұмыс күндері қоғамдық көлік штаттық режимде сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді.

Қоғамдық көлікте бетперде режимін сақтау қажет. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз, көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу арқылы төленеді.



Соңғы жаңалықтар