«Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары келесі талаптарды қатаң сақтауы керек: - бұқаралық іс-шараларға, марафондар, спорттық шараларға, банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу сияқты отбасылық, еске алу іс-шараларды үйде өткізуге және оларға қатысуға, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т. б. ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салынсын», деп жазылған құжатта.
Қаулы бойынша Ashyq жобасына қатысатын объектілерде еске алуды өткізуге рұқсат етілетіні де айтылған.
Сондай-ақ Ashyq жобасына қатыспайтын боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына, бильярдқа, караокеге, батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселерге және ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыс ойыны, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарға, спорттық объектілерде орналасқандардан мұзды және роликті сырғанақтарға баруға рұқсат етілмейді.
Осы қаулы 2021 жылғы 28 тамызда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.