23 Қаңтар, 2014

Олимпиада: чемпионға метеориттен жасалған медаль табыс етіледі

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

meteorit medal 6 big

15 ақпан күні Сочи Олимпиадасының чемпионына Шұбаркөл метеоритінің бөліктерінен жасалған естелік медаль табыс етіледі. Мұндай шешімді Ресейдің Челябі облысының мәдениет министрлігі қабылдады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Қолда бар мәліметтерге қарағанда, қазір медальдар суретші Артем Жариковтың сызбасы бойынша Златоуст қаласындағы «Маок» шеберханасында дайындалып жатыр. Естеріңізге сала кетсек, дәл осы күні бір жыл бұрын Златоуст қаласына Ресей жеріне құлаған метеориттің қалдықтары әкелінген болатын. Облыстық мәдениет министрлігінің хабарлауынша, 50 медальға тапсырыс берілді. Оның 10-ы Сочи Олимпиадасының  чемпиондарына берілсе, қалғаны мұражайға жәдігер ретінде қойылады. Толық ақпаратпен мына жерден таныса аласыздар. http://www.culture-chel.ru/Publications/mainnew/Show?id=4606

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: http://www.culture-chel.ru