Елорда • 28 Тамыз, 2021

Елордада Батыс Қазақстан облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр

444 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының фермерлері аймақтық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне нарық бағасынан 10-20 пайызға төмен бағамен 120 тонна өнім шығарды. Дәстүрлі жәрмеңке «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада Батыс Қазақстан облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр

Жәрмеңке сөрелеріне өңірдегі 80-нен астам өндірушілердің тауарлары ұсынылды, олар 65 тонна сиыр еті мен жылқы еті, 36 мың дана тауық жұмыртқасы, 20 тонна ұн мен макарон өнімдері, 15 тонна шұжық және консерві өнімдері, 5 тонна жаңа балық, 5 тонна өсімдік майы, 3 тонна сүт өнімдері, 5 тонна түрлі сусындар, 2 тонна кондитерлік өнімдер әкелді.

1

«Жәрмеңкеге 80-ге жуық агроқұрылым қатысады, олар астаналықтарға ет, консервілер, май, ірімшіктер, сусындар, макарон және басқа да өнімдерді өлкеміздің 12 ауданынан әкелді. Батыс қазақстан облысы - табиғи, сапалы, мал шаруашылығы өнімдерімен танымал ірі аграрлық өңір. Мұнда азық-түлік ассортиментінің түр-түрі ұсынылған, себебі жергілікті ауылшаруашылық өнімдері елорда тұрғындары мен қонақтары арасында үлкен сұранысқа ие. Жәрмеңкедегі бағалар дәстүрлі түрде нарықтық бағадан 10-20%-ға төмен, бұл елорда тұрғындары мен қонақтарына өнімді қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік береді», деді БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллин.

2

Қала тұрғындары төмен бағалар мен ұсынылған өнімдердің жоғары сапасын атап өтті.

«Мұнда барлық қажетті өнімдер қолайлы бағалармен ұсынылған. Елордада жыл сайын осындай жәрмеңкелер өткізілетініне өте қуаныштымыз», деді қала тұрғыны Әскерғазы Жұмағұлов.

4

Жәрмеңке кезінде барлық санитарлық нормалар мен карантин талаптары сақталады.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы 31 қазанға дейін жалғасады.

5