Қазақстан • 28 Тамыз, 2021

Сингапурда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай фото көрме өткізілді

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сингапур менеджментті дамыту институтының қабырғасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай фото көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Сингапурда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай фото көрме өткізілді

Көрмеде еліміздің ғылыми-техникалық жетістіктері және түрлі этностық топтардың сан қырлы мәдениеті туралы фото және бейнематериалдар ұсынылды.

Іс-шара барысында Қазақстан Елшісі Аркен Арыстанов еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктері туралы айтып, өзекті саяси және экономикалық реформаларға тоқталды.

1

Сингапурдың Қазақстандағы Елшісі Зулкифли Бахарудин қатысушыларды айтулы күнмен құттықтай отырып, Орталық Азия өңіріндегі көшбасшы ел ретінде Қазақстанның жарқын болашағының кең перспективаларын алға тартты.

«MDIS» президенті Эрик Куан Қазақстанның жетістіктеріне таңданысын білдірді.

2

Көрме соңында елдің ғылыми-технологиялық дамуын қолдау жөніндегі шаралар талқыланды.

4