Коронавирус • 28 Тамыз, 2021

Елордада вакцинацияланғандар арасында кезекті ұтыс ойыны өтті

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында апта сайын бағалы сыйлықтар ойнатылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада вакцинацияланғандар арасында кезекті ұтыс ойыны өтті

Тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың сегізінші ұтыс ойыны 28 тамызда сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі беттерінде тікелей эфирде өтті.

8-ші ұтыс ойынына 21 тамыз бен 27 тамыз аралығында вакцинацияланғандар қатысты. Вакциналанғандар арасында бағалы жүлделердің ұтыс ойындары апта сайын өткізіледі. Бұл ұтыс ойындарына вакцинациялаудың барлық пункттері қатысады: медициналық мекемелерде де, СОО/ТД-да да. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүргізіледі.

1

Бұрын вакцинацияланғандардың арасында соңғы үлгідегі 17 iPhone, 5 тоңазытқыш, 3 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 DVR, кір жуғыш машина, «Алиса» ақылды динамиктері мен ылғалдандырғыш ойнатылды.

Ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін Birge платформасында арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакцинацияланған ID генерациясымен таңдайды.

2

Соңғы жаңалықтар