Әлем • 28 Тамыз, 2021

Вьетнамда коронавирус жұқтырудың антирекорды тіркелді

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вьетнамда коронавирусқа қатысты рекордтық көрсеткіш тіркелді. Косовада «дельта» штамын жұқтырғандар саны көбейіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Вьетнамда коронавирус жұқтырудың антирекорды тіркелді

Вьетнамда тәулігіне 13 мыңға жуық жағдай тіркелді. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 25 тамызда 12 096 вирус жұқтыру жағдайы анықталған.

Науқастардың барлығы дерлік індетті ел ішінде жұқтырған. Өңірлер бойынша: Хошиминде 5 383 жағдай, Биньзонг провинциясында 4 187, Донгнай провинциясында 996 жағдай тіркелді. Осылайша, Вьетнамдағы сырқаттанғандардың жалпы саны 410 366 адамға дейін өсіп, көз жұмғандар саны 10 053 адамды құрады.

Косово ұлттық денсаулық сақтау институты COVID-19 жағдайлары туралы күнделікті статистиканы жариялап отырады. ПТР сынақтарының 12 564 үлгісінен 2 098 коронавирус тасымалдаушысы анықталды, олардың көпшілігі «дельта» штамын жұқтырған.

Косово Үкіметінің өкілі Бесник Бислими елге коронавирустық вакцинаның 650 000 дозасы келетінін айтты. Германия 150 000 доза жөнелтсе, қалған жарты миллион доза АҚШ-тан жолданбақ.