АҚШ-тың қорғаныс министрлігі лаңкестік әрекеттер әлі де қайталанады деп қауіптеніп отыр. Құрама штаттар мен оның одақтастары әскерилерін 31 тамызға дейін толығымен Ауғанстан аумағынан алып кетпек. Әлемдік БАҚ-тағы мәліметтерді негіздесек, Кабул қаласында 4 мыңдай Америка сарбазы бар.
Еске салайық, Ауған билігі тәліптердің қолына өткелі АҚШ пен одақтастары елден 117 мың адамды эвакуациялады.