24 Қаңтар, 2014

Мен білетін Данаш апай...

585 рет
көрсетілді
22 мин
оқу үшін

Қазақтың тұңғыш стенографисі әрі осы кәсіптің негізін салушы, сөз зергері Данабике Байқадамованың туғанына – 100 жыл

01-титульный лист 2

1. Тарихты парақтағанда...

...1972 жыл. Жоғары оқу орнына түсуге бағымды сынап көргенмен, конкурстан өте ал­­мадым. Бір жыл болса да уақытымды бос­­қа өткізбейін деп, стенографистер даяр­лай­тын Алматыдағы №135 кәсіптік-тех­ника­лық училищенің жарнамасын қиып алып қой­дым. Бірақ, қандай мамандық екенін біл­мей­мін. Алматыға телефон шалып, жездемнен сұрап едім: «Керемет мамандық. Шапшаң жазуды үйреніп, сөйлеген адамның сөзін түгел жазып үлгеретін боласың», деп қызықтырып қойды. Содан училищеге емтихан тапсырып, оқуға түстім. Бір топта 30 қыз оқыдық. Стенографиядан Рахима Жол­ды­баева деген апай берді. Курста оқып, тео­риясын меңгергенмен, стенографистка болып машықтанып жұмыс істемеген. Бай­қай­мыз, апай сыртын қаптап алған бір тал оқулықты көзінің қарашығындай сақтап, ешкімге ұстатпайды. Сұрағанымызда, оқу­лық 1961 жылы 600 дана таралыммен басылып шыққан, авторы – Данабике Бай­қадамова, деді. Бірақ, автор туралы еш мәлі­мет айтпады.

 

Қазақтың тұңғыш стенографисі әрі осы кәсіптің негізін салушы, сөз зергері Данабике Байқадамованың туғанына – 100 жыл

01-титульный лист 2

1. Тарихты парақтағанда...

...1972 жыл. Жоғары оқу орнына түсуге бағымды сынап көргенмен, конкурстан өте ал­­мадым. Бір жыл болса да уақытымды бос­­қа өткізбейін деп, стенографистер даяр­лай­тын Алматыдағы №135 кәсіптік-тех­ника­лық училищенің жарнамасын қиып алып қой­дым. Бірақ, қандай мамандық екенін біл­мей­мін. Алматыға телефон шалып, жездемнен сұрап едім: «Керемет мамандық. Шапшаң жазуды үйреніп, сөйлеген адамның сөзін түгел жазып үлгеретін боласың», деп қызықтырып қойды. Содан училищеге емтихан тапсырып, оқуға түстім. Бір топта 30 қыз оқыдық. Стенографиядан Рахима Жол­ды­баева деген апай берді. Курста оқып, тео­риясын меңгергенмен, стенографистка болып машықтанып жұмыс істемеген. Бай­қай­мыз, апай сыртын қаптап алған бір тал оқулықты көзінің қарашығындай сақтап, ешкімге ұстатпайды. Сұрағанымызда, оқу­лық 1961 жылы 600 дана таралыммен басылып шыққан, авторы – Данабике Бай­қадамова, деді. Бірақ, автор туралы еш мәлі­мет айтпады.

01-титульный лист 1Училищені үздік бітірген мені жолдамамен Қазақ радиосына жіберді. «Шалқардың» бас редакторы Мадрид Рысбеков ағай стенографияны қаншалықты меңгергенімді біл­гісі келген болуы керек, «кәне, жазып көр­­ші», деп қолына түскен газетті алды да, оқи бас­тады. Тырысып жазып жатырмын. Ар­тынша жазғанымды қайыра оқуды өтінді. Оқыған сайын басын шайқап, таңырқап: «Мынау өзі керемет дүние ғой», деп риза болады. Осылайша, жұмысқа қабылдандым. Жұмысым – Қазақ радиосының облыстағы меншікті тілшілерінен соңғы хабардың жаңалықтарын телефонмен жазып аламын да, машинкаға басып редакторға беремін.

Бірде «Социалистік Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы Мыңбай Ілес ағай телефон шалып, Талғарда өтетін күрделі сот отырысын стенографиялап беруімді өтінді. Келістім. Қайтар жолда редакция кәсіби стенографисканың жоқтығынан 60-тан асқан екі апайды зейнетке жібере алмай отырғанын айтып, егер келсең, қарағым, бізде пәтер мәсе­лесі де тез шешіледі, деп қолқа салды.

Осылайша, «СҚ-ға» жұмысқа қабылдан­дым. Мыңбай ағай стенографискалар бөл­ме­сіне ертіп барып, Данаш апаймен та­ныс­тырды. Шашын артқа түйіп, жып-жи­нақы киінген әдеміше келген апай бірден көзіме жылы ұшырады. Міне, керемет! Данаш деп таныстырған апай – қазақ стенографиясы оқулығының авторы Данабике Байқадамова, екін­шісі – Ораз Исаевтың келіні Мәриям Исае­ва. Бірден демалысқа жіберудің реті кел­­меді ме, екі апаймен кезектесіп бір жыл­ға жуық жұмыс істедім. Ол маған тіпті жақ­сы болды. Мариям апайдың стенография жү­йесі өз­гешелеу әрі жылдамдығы аздау. Ал Да­наш апайдың жылдамдығы керемет, шап­шаң жазу, қысқарту, таңба белгілеу әдіс-тәсілін сұ­­­рап, машықтануыма көп көмегі ти­ді. Ма­ған сенгені ғой, газет жұмысымен шек­те­ліп қал­май, апай жанынан тастамай, съезд, пленум, Жазушылар одағының жыл қоры­тын­дысы, театр қоғамындағы талқылау, басқа да жи­налыстарды екеулеп жазып жүрдік. Бай­қай­мын, мені жас бала демейді, өзімен тең ұс­тап, жақын тартып, барлық ойымен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтып, үлкен жанашырлық танытады.

...Адамзат баласы ауыздан шыққан сөзді қаз-қалпында жазып алуды ХVІІІ ғасырдың аяғында ойлап тауып, бұл өнерді стенография деп атаған. Егер кәдімгі жазумен минөтіне 20-25 сөз жазатын болсаңыз, стенографияны қолдану арқылы 90-100 сөз еркін жазылады. Оның ерекшелігі де, қиындығы да сол, стено­гра­­фия алфавиті бүгінгі қолданатын алфавит­тен мүлдем өзгеше. Оның өз алфавитін жа­­­ңадан үйреніп, оған жылдамдық қосып, жаз­­­ға­­ныңды қайта­дан жазып шығу оңай шаруа емес. Біреу асық­пай, жай, біреу шапшаң сөй­лей­ді. Он­дайда қалайда үлгеріп жазуың керек. Менің­ше, стенографияны тек қабілетті, зерек адам ғана меңгеріп, кәсіби білікті маман бо­ла ала­ды. Оның үстіне, күрделі, қиындығы – орыс алфавитінде 33, қазақта 42 әріп бар, ол да таңбаны көбейтіп қол байлайды. Ер­те­ректе Га­бельсберген, Штольце, Терне жүйесі ресми түр­де қолданылса, орыс стенографиясының не­­гізін салушы профессор Н.Н.Соколов орыс тілі­нің фонетикасына сүйеніп, өзінің бірегей жүйесін жасаған.

Жалпы, қазақ стенографиясының тари­хы Қазақстанда 1930 жылдан бастау алып, ол мемлекеттік тұрғыда мәселе болып көтері­ле­ді. Бұл ұсынысқа Бүкілодақтық Ор­та­­­лық Атқару Комитетінің Ұлттар Советі де же­дел назар ау­дарады. 1931 жылы Мәс­кеу­­де түркі тілдерін­де сөй­лейтін ұлт республика­ла­ры үшін про­фес­сор П.Р.Бурлаковтың НУС (На­­цио­наль­ная уни­тарная стенография) жү­­йесі ұсы­нылып, әр республикадан 2-3 адам­­­нан ша­қыртып, оқы­та­­ды. Оған Қазақ­станнан Насиха Оспанова ба­­ра­ды. 1933 жы­лы Алматыда екі жылдық сте­нография кур­сын ашады. Оған 100 қыз-келіншек қа­был­данып, оларға Н.Ос­панова сабақ бере­ді. Олардың қатарында Р.Ал­доңғарова, Ф.Бар­­­мақова, Д.Байқадамова, Л.Ластаева, екін­ші топта қазақ зиялыларының әйел­дері – С.Сейфуллиннің зайыбы Гүлбаһрам, республика комсомол ұйымының хатшысы Қ.Тә­ш­титовтің жұбайы Сағадат, Совхоздар Халық Комиссариатының төрағасы Дүй­сенов­тің әйелі Үрмет, Гүлбаһрам Құлқашева, т.б. болады.

1935 жылы екі жылдық курсты үз­дік бі­тірісімен апайға Халық ағарту ко­мис­­­сариа­тына жолдама береді. Онда Қа­зақ­стан Үкі­метінің Халық ағарту комиссары Т.Жү­р­генов қабылдап, профессор Құ­дай­берген Жұбановтың қарамағына жі­береді. Сонда жүріп ғалымның қазақ тілінің грамматикасын, лекцияларын жазуға үлес қосады.

Ол кезде бүгінгідей жазатын диктофон, маг­нитофон жоқ, тек қана жазу машин­ка­сы. Мамандығын жетік меңгерудің ар­қа­сында жақсы ортаға түседі, алқалы жиын­дарға қатысып көзге түсе бастайды. Осын­да жүргенде болашақ жұбайы Алматы об­лыс­тық комсомол комитетінің қызметкері Арыс­тан Қожахметовпен танысып, кейін екеуі қосылады. 1936 жылы жұбайын Батыс Қа­зақстан облыстық комсомол комитетінің бірін­ші хатшысы етіп тағайындайды. Сол жы­лы қыздары Қаламқас дүниеге келеді. 1938 жылы 7 ақпанда Арыстанды «халық жауы» деп ұстап, 1938 жылы 9 қарашада атылады.

Әрине, кеңестік кер заман тұсында «халық жауының» қызы, «халық жауының» әйелдерінің зардап шегіп, қуғын-сүргінге ұшырамағандары кемде-кем. Данабике де жұмыстан шеттетіледі. Одан кейінгі соғыс жылдарының өз қиындығы өтті. Тек 1947 жылы Алматы облыстық кеңесінің ХІV сессиясын стенографиялауға шақырғанда барып, сең қозғала бастайды. 1948 жылы Данабикені білетін Ғылым академиясындағы біраз зиялы қауым өкілдерінің өтінішімен, оны Мұхтар Әуезов өзіне стенографиска-машинис­ка және хатшы етіп, жұмысқа қабылдайды. Бес жылдың ішінде «Абай жолы» романының екі томын, басқа да шығарма, лекцияларын стено­графиялайды.

1949 жылы 5 қазанда Алматыда ауыл ша­руа­шылығы қызметкерлерінің слеті өте­­ді. Жиынға қатысқан К.Е.Ворошилов өзі­­нің оң жағында отырып, сөйлеген ше­шен­­дер­дің сөзін жазып отырған Данаш апай­­ды бай­қайды. Сөйтеді де, «орыстың, шет­ел­діктердің стенографиямен жазатынын бі­ле­мін, бірақ қазақтарды бірінші көруім, жиын біткен соң мына кісінің жазғанын тексеріңдерші» деп тапсырма береді. Тексере келгенде бір үтірден ғана қателескен ғой. Осылайша, Ворошиловтың бұл «емтиханы» оның жолын ашады. 1952 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің орга­ны «Социалистік Қазақстан» газетіне жұ­мыс­қа шақырылып, 1976 жылға дейін, яғни зей­неткерлікке шыққанша ұзақ жылдар қызмет істейді.

Бұған дейін, сондай-ақ, Т.Ахтанов пен С.Бабаевскийдің «Ардагер», Ғ.Ахметов пен Н.Ановтың «Ақ мешіт», М.Жанғалин мен А.С.Макаренконың «Педагогикалық поэма» кітаптарын, Қ.Жабасов пен Ы.Ал­тын­сариннің 80 хатын стенографиялап тү­сірді. Мұндай ауқымды жұмыстар сөз­ді орнықтыруға, тәжі­ри­бе жинақтап, жыл­дам­дықты арттыруға өз септігін тигізері сөз­сіз. Стенографиямен тың­­ғылықты айналы­сып, көп ізденудің нәти­жесінде оның қыры мен сырын, тез жазудағы қазақ тілінің ерек­ше­ліктерін ескере келе, оны бір жүйеге келтіріп, 1961 жылы тұңғыш рет өзіміздің «Қазақ стенографиясы» оқулығын жазып шығарады. Данабике Байқадамова ұлттық стенографияны биік дәрежеге көтеріп, мемлекет ісінде қаншама құжаттардың мұра­ғатта қатталуына өлшеусіз үлес қосумен бірге, артында кереметтей мол мұра жазып қал­дырған қаламгер, ақын, сөз зергері еді...

2.Данабикенің данагөйлігі

Данаш апаймен 1975 жылдан өмірінің со­ңына дейін, яғни он сегіз жыл бірде анам­­­дай, бірде сырлас құрбымдай, бірде ет жақын әпкемдей сыйласып, араласып өттік. Осы жылдары өзімді шексіз де шетсіз «кеннің» ішіне кіріп кеткендей с­е­зін­дім. Апайдың өмірбаяны өте бай, көр­ген тауқыметі де, тағдыр-талайы да шыр­ғалаң. «Халық жауы­ның» қызы, «халық жауы­ның» әйелі деп жа­ғылған қаракүйеден көп теперіш көріп, өмір­дің отына түсіп ойнайды, қазанына түсіп қайнайды. Әсіресе, өзіне етжақын адамдарды ақтап, әке атына кір келтірмеу үшін бел шешіп бір жатпайды, ақиқатты іздеп шырылдап, ақыры оны табады.

Әкесі Байқадам Қаралдин (1877-1930) оқы­­ған, орысша сауатты, көзі ашық, өз зама­ны­ның бетке ұстар азаматы болған. Қазақ мем­­ле­ке­тін қалыптастыру жолында тер төк­кен адам. Ал­ғашында Торғай генерал-гу­бер­­­­наторының тілмашы, 1916-1920 жылда­ры жауапты қыз­мет­­тер атқарады. 1919 жы­лы В.И.Ленин Қазақ совет автономия­сын құрудың және оның тер­ри­ториялық тұ­­тас­­тығын қамтамасыз етудің дайындық жұ­­мыс­тарына Ұлт істері жөніндегі Ха­лық комиссариаты­на Дала өлкесінен бар­ған өкіл­дің ішін­де Ә.Жангелдин, А.Бай­тұр­сынов, М.Тұн­ған­шинмен бірге Байқадам Қар­ал­­диннің де болуы көп жайтты аңғартса керек. Жалпы, Б.Қа­ралдин өмірі мен атқарған қыз­меттері жай­лы тарихшылар, журналис­тер зерттеп көп жазды. Мәселен, 1992 жы­лы белгілі жур­­­налист-жазушы Жанболат Ауп­баев пен Әділ­­бек Жақыпұлының мұрағат деректеріне сү­йен­­ген «Әулет» атты кітабы жа­рық көрді. 1998 жылы 120 жылдық мерей­тойына орай ғы­­лы­­ми-теориялық конференция өтсе, 1992 жыл­­­дан қазіргі Қостанай об­лысы, Аманкелді ауда­нындағы бұрынғы «Қа­зақстанның 40 жыл­дығы» атындағы совхоз Б.Қаралдин атын­дағы ша­руашылық ұжымшары деп ата­ла­ды. Сол елді мекенде мектеп пен бір көшеге сол кісінің есімі берілген.

Анасы Үрзипа (1888-1980) Сарытор­ғай­да­ғы мектептің үш класын тәмамдаған, Пе­тер­­бордағы Бестужев қыздарға ар­налған екі жыл­дық жабық пансионатында оқыған, сауат­ты, домбыра тартып, ән салатын, орысша бі­летін, сол кездегі көкірек көзі ашық қазақ қыз­­дарының бірі болған. Аналары дүниеге 18 бала әкеледі. Данабике 7-шісі болғанмен, оның алдындағы алты ұл кішкене кезінде ше­ті­нейді. Апайдан кейін де алты бала дүниеге келеді.

1928 жылы әкелері ұсталғанда Данаш апай 15 жаста екен. Шиеттей бала-шағаның үлкені әрі туыстарының естияры болған соң жұмыс таңдамай ертеңнен қара кешке дейін тырбанып, бір үйлі жанды өзі асырайды. Әкесі жағылған жаладан құтылмайтынын біліп, өзі үміт күткен балаларының үлкені, суының тұнығы Данабикеге Қостанай түрмесінен арнау хат жазады.

...Қарағым, көзімнің нұры қалқам Данаш,

Қоршады-ау бақытсыздық болмай толас.

Қандыра мейірімді сүйем десем,

Жетпейді, амалым не, жайған құлаш.., – деген алты шумақ өлеңде елжірей сағынышын білдірсе, Семейден жазған екінші хатында:

...Бала егер ақылды боп туса бүгін,

Ақтайды ата күшін, ана сүтін.

Баладан осал мінез көре қалса,

Ішіне ата-ананың толар түтін.

Анаңа болғын тіреу жаным, Данаш,

Әр іске ақыл жұмсап, еппен жанас.

Анаңды сенен басқа тапсырарлық,

Кімім бар ес білетін өзің санас! – деп анасын, бауырларын тапсырады. Данашы болса әке сөзін өміріне бойтұмар етіп, аманатқа адал болуға тырысады.

Бір байқағаным, апайды бауырлары Бақытжан ағай да, Гуля апай да Төкем деп отыратын. «Осы сізді неге Төкем деп атайды?» дегенім бар. Сөйтсек, анасы Үрзипа қызының еңбекқорлығына, бауырмалдығына риза болып, балаларына: «Әкелерің атылып кеткелі бәрімізді асырап жүрген осы Данаш. Ол бізге әкем Төлебайдай қамқорлық жасауда. Жаратқан ием, оны бізге Байқадамның орнына жіберіп, «әке орнына әке» болсын дегені ғой. Ендеше, Данабике емес, Төкем деңдер», деп осылай атауды өтініп, өзге балаларынан ерекше көріп, құрметтеген.

Данаш апай қанша қиындық көргенімен, мәнді де мағыналы өмір сүріп өтті. Ол кісі­нің өмір сүру, жұмыс істеу стилі де өзге­ше еді. Әсіресе, есте сақтау қабілетіне таңғ­а­ла­­тын­­мын. Сексен жыл өмір сүрсе, соны күн­­де жоспарлап, уақыттың қадіріне жетіп, дұ­рыс пайдалана білді. Еңбекқорлығы, жан­кеш­тілігі өз алдына, пендешіліктен, әйелдік ұсақ-түйектен өзін жоғары қоятын. Зейнет демалысына шықса да, таңертеңгі сағат алтыда тұрып, шай-пайын ішкен соң жазу машинкасына отыратын. Одан босаса кітап оқитын. Жұмысты өте шапшаң істейтін. Бастаған ісін бітіргенше жаны қалмайтын. Тамақты да тез, дәмді жасайтын. Сөйлеп тұрып-ақ алдыңа неше түрлі тамақ әкелгеніне таңғаласың. Қызы Қала­мқас пен ұлы Дастанға қатаң талап қойып, бақылап, қадағалап отыратын. Кейде мені ілестіріп туған-туыстарының үйін аралайтыны бар. Анасы Үрзипа тірі кезінде жиі бардық. Бірде інісі атақты композитор, қазақтың Дунаевскийі атанған Бақытжанның үйіне барып, аты аңызға айналған генерал Панфиловтың қызы Валентина Иванов­на­ның қолынан шәй ішсек, бірде қызы Қаламқастың, бірде Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Күнімжан (Гуля дейтін) апайдың үйіне барып, өткен-кеткенді еске алып, жадырап шығатын. Ал Қазақ КСР-нің халық әртісі, опера әншісі, халық арасында екінші Күләш атанған сіңлісі Айсұлу туралы да көп айтатын.

Данаш апай өмірінің соңғы оншақты жылында ұлы Дастанның қолында болды. Өзінің жеке бөлмесіндегі кітап, мұрағаттары бір қабырғаны алып, рет-ретімен жиналып тұратын. Соңғы барғанымда бүкіл жаз­ған қолжазбаларын баспаханаға апарып, түп­те­тіп қойғанын көрсетті. 500-дей өлеңдері мен естелік, әңгімелері он үш том болыпты. Он­да 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, оның басшылары әкесі Байқадамнан бастап Әбдіғаппар хан, Амангелді Иманов, Кейкі ба­тыр, Ә.Жангелдин, өзімен қызметтес не­ме­­­­се жақсы қарым-қатынаста болған қа­зақ әде­биетіне, мәдениетіне, өнеріне, зор үлес қос­қан алыптар тобы – С.Сейфуллин, Құдай­бер­ген және Ахмет Жұбановтар, М.Әуезов, І.Қабылов, І.Омаров, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, И.Қа­рағұлов, М.Ғабдуллин, Е.Смайылов, Т.Жүр­­генов, т.б. жайлы естеліктер бар. Апай­­дың көзінің тірісінде 1991 жылы інісі Бақыт­жан туралы сегіз жыл баспада жатқан «Алма ағаштар гүлдегенде» кітабы ғана жарық көрді.

Міне, сол қазынадан, естеріңізде болса, 2004-2006 жылдары «Ана тілі» газеті кертіп-кертіп, алдымен М.Әуезов туралы, артынша «Дерекнама» айдарымен тамаша естеліктерін жариялады. Оқырманның жылы ықыласын, қызығушылығын тудырған Мұхаң туралы естелігі 2006 жылы «Өлке» баспасынан «Мен білетін Әуезов» деген атпен жарық көрді. Осы естеліктердің газетте де, кітап болып басылуына да қолдау көрсеткен белгілі жазушы, сол кездегі «Ана тілі» газетінің бас редакторы Мереке Құлкенов пен қолжазбаны оқып, дайындаған марқұм Зияда Ижановтың орасан еңбектерін атап өткеніміз абзал болар.

Сондай-ақ, туған сіңлісі, профессор Кү­нім­жан Байқадамова жан-жақты қамтыл­ған танымдық мұрағат деректеріне бай 2009 жылы шыққан «Байқадамовтар әулеті» деректі хикаят кітабында аяулы әкесі, апасы Данабике, ағасы Бақытжан, сіңлісі Айсұлу жайлы кеңі­нен тоқталады.

– Анам өте жинақы адам болатын. Босбелбеу, ынжықтықты жаны сүймейтін, – дейді анасының мұрағатын көзінің қарашығындай сақтап, олардың кітап болып шығуына өте ықыласты Қаламқас тәте. – Ол кезде жақсы киімді талонмен аласың. Қолыма екі талон түсіп, екі кофта сатып әкелсем, анам: «Неге бір талоныңа ініңе жейде сатып алмадың?» – деп ренжісін. «Менде қайбір жетіскен кофта бар дейсіз», десем: «Ол саған қарағанда әлсіз, бос. Сондықтан оған көмектесуің керек. Ал сен мықтырақсың, қашанда аяғыңнан нық тұрып кетесің, саған сенемін», деді. Рас, анам мені ешқашан аяған жоқ, көп жұмсады, қатаң талап қойды. Ол кісіге еш өтініш айтып келмейтінмін. Айтқанмен тыңдамайтын. Өйткені, өзі өмірдің қиыншылығын көп көргендіктен, ешкімге еңкеймеген ғой. Менен де соны талап ететін. Шынында да, анамның сол тәрбиесінің арқасында аяғымнан нық тұр­дым. Алайда, дәл сол жинақылықты мен өз қызымнан да талап еттім. Қазір бір Алла тағала мен анамның сол тәрбиесінің ар­қа­сында қызым аяғынан нық тұр. Барлық жағдайға бейімді, кез келген қиындықтан шыға алатынына сенемін. Менің білгенім, баланы қатаң тәртіппен тәрбиелеу керек екен. Оны өзімнің немеремнен көріп отырмын. Жақсы көріп, маңдайынан қақпай өсірдім. Немерем бос, анам мен қызым сияқты бола алмайтынына көзім жетіп отыр.

Анасының қайсар мінезі есіне түсті ме, әлде өзіне ең жақын болған адамды сағынды ма екен, Қаламқас тәте көзіне жас алды. Ол кісі медицина ғылымдарының кан­дидаты, ұзақ жылдар Қазақ көз ауру­лары ғылыми-зерттеу институтында 22 жыл хирург, кейін дәрігерлердің білімін жетілдіру курстарында сабақ берген. Республикада көзге диагностика жасай­тын УДЗ (УЗИ) аппаратын бірінші енгізген дәрігер. Ал апайдың редакцияға ертіп әкелетін немересі Әсем техника ғылым­дарының кандидаты, жұбайы белгілі жазушы Жаппар Өмірбековтің ұлы Ахан екеуінен Нұржан деген апайдың шөбересі ержетіп келеді.

Апайдан кейін қайтыс болған ұлы Дастан жоғары санаттағы геолог, кезінде Оңтүстік Қазақстан геологиялық барлау экспедициясын басқарған. Жұбайы Валентина да геолог. Қыздары Аян Алматы шетел тілдері институтын аяқтаған, қазір Испанияда тұрады.

Бүкіл үрім-бұтағымен өнер дарып, құт қонған Байқадамовтар әулеті жайлы бір үзік сыр осы.

Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар