24 Қаңтар, 2014

Қостанайда қыз бен жігіт көлікте тұншығып өлді

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1986 volkswagen scirocco 8vҚостанай облысында бір жас жігіт пен қыз көліктің ішінде уланып, өліп кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегіне сүйенген alau.kz хабарлады.

Қостанай облысында бір жас жігіт пен қыз көліктің ішінде уланып, өліп кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегіне сүйенген alau.kz хабарлады.

Оқиға қаңтардың 21-і күні түнде облыстың Прогресс кентінде орын алған. Көліктің ішінде отырған екі адам одан тараған улы түтінге тұншығып, орындарынан тұра алмай қалған.

«2014 жылғы 21 қаңтарда Қарасу ауданындағы Прогресс кентінде 02 сағат 20 минутта жеке үйдің ауласында тұрған «Volkswagen» автомашинасының салонында 1992 жылы туған М.Харченко мен 1994 жылы туған К.Романова атты азаматтар түтінге уланып, қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Соңғы жаңалықтар