ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз атап өткендей, бір апта ішінде елімізде 3393 қылмыс жасалса, оның 2331-і бір тәулік ішінде ашылған.
«Полицейлер 6 кісі өлтірудің ізін суытпай, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің үш фактісін анықтады. Сонымен қатар, 5 қарақшылық, 37 тонау, 517 ұрлық анықталды», деп хабарлады ведомствоның апта сайынғы брифингінде Нұрділдә Ораз.