24 Қаңтар, 2014

Басымдықтарға назар аударды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңестің отырысы өтті.

Қазақстан Республи­ка­сы­ның киберқауіпсіздігін қам­тамасыз етудің өзекті мә­се­лелері қаралған отырыс барысында Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров ұлттық қауіпсіздік ұстанымы тұрғысынан киберкеңістікті дамытудың негізгі мәселелерін айқындап, мемлекеттік сая­сат­тың аса маңызды басым­дық­тарына назар аударды.

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы кибертехнологияларды дамыту және мемлекет пен қоғамның тіршілігіне енгізу үдерісінде пайда болатын заманауи қатерлердің спектріне талдау жасауға, сондай-ақ, жаңа жағдайдағы мемлекет қорғанысын қамтамасыз етудегі қазіргі тәсілдерге де ерекше назар аударды.

Сарапшылық кеңес мүшелері мен мемлекеттік органдар басшы­ла­ры пікір алмасу барысында ки­беркеңістіктің аса маңызды мә­селелерін, соның ішінде кибер­қауіп­сіздік саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесін дамыту, оны заңнамалық қамтамасыз ету, кибертехнологияларды милитаризациялау, жабдықтар өндірісі мен бағдарламалық қамтамасыз ету, мамандарды даярлау мен кадрлық жұмыс жайын қарастырып, талқылады.

Сарапшылық кеңес жұмысының қорытындысы бойынша Қ.Қожам­жа­ров киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың ұзақмерзімді стратегиялық көрінісі мен кешенді тәсілдеріне назар аудара отырып, мемлекеттік органдар мен сарапшылар қауымының нақты міндеттерін айқындады.

Соңғы жаңалықтар