Оқиға • 31 Тамыз, 2021

Алматыда қызметкерлеріне қол көтерген полицей жұмыстан босатылды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қол астындағы қызметкерге қол көтерген полицей ішкі істер органдарынан шығарылды. Бұл туралы Egemen.kz Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Алматыда қызметкерлеріне қол көтерген полицей жұмыстан босатылды

Алматы полициясының бастығы Қанат Таймерденовтің айтуынша, ПД-де жедел тәртіптік комиссия өткізілді, оның шешімімен Наурызбай аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры К.Жақыпбаев полиция бөлімінің беделін түсіргені және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі» нормаларын бұзатын әрекетті жасағаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылды.

Сонымен қатар, бұл бөлімнің бірқатар басшылары қызметтерінен босатылды.

Сондай-ақ, баяндамашы өзіндік қауіпсіздік басқармасы бұл фактіні ҚР ҚК-нің 362 бабы - билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін айтты.