Президент • 31 Тамыз, 2021

Қ.Тоқаев Қырғызстан Президентінің атына құттықтау жеделхатын жолдады

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа жеделхат жолдап, қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Қырғызстан басшысын және қырғыз халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz akorda.kz-ке сілтеме жасап.

Қ.Тоқаев Қырғызстан Президентінің атына құттықтау жеделхатын жолдады

«Бұл – егемен Қырғызстан тарихындағы ұлттың бірлігін, тұрақтылығын, жасампаздық рухын бейнелейтін, мемлекеттілікті одан әрі нығайту, Қырғыз елінің ұзақ мерзімді және тұрақты дамуы үшін мәңгілік маңызды күн», делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз қатынастарының дамуын жоғары бағалады

«Тарихы терең бауырлас халықтардың ортақ мүдделері мен ғасырлар бойғы достығы және тату көршілік дәстүрін сақтай отырып,  Тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен-ақ қазақ пен қырғыз иық тіресіп, өзара жетістіктерге шынайы қуанып, бір-біріне үнемі қолдау көрсетіп келеді. Күш-жігерімізді жұмылдырып, көп қырлы ынтымақтастығымыздың тұрақты дамуына тың серпін бере алатынымызға сенімдімін. Бұл қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы үшін жаңа көкжиектерге жол ашады», деп жазды Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, бауырлас қырғыз халқына өркендеу мен өрлеу тіледі.