Саясат • 01 Қыркүйек, 2021

Онлайн қабылдау кестесі

363 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясы орталық мемлекеттік органдар басшыларының қыркүйек айында азаматтарды қабылдау кестесін жариялады. Карантиндік шектеулер ескеріле отырып, олар Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі алаңында онлайн форматта өтеді.

Онлайн қабылдау кестесі

Сонымен 1 қыркүйекте азаматтарды қабылдауды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіраманов, 3 қыркүйекте – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Марат Омаров, 8 қыркүйекте – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Темір өткізеді.

Азаматтарды партия алаңында 10 қыркүйекте – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, 15 қыркүйекте – Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев, 22 қыркүйекте – Ақпарат және қоғамдық даму ми­нистрінің орынбасары Кемел­бек Ойшыбаев, 24 қыркүйекте – Индустрия және инфрақұры­лым­дық даму министрі Бейбіт Атам­құлов пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ақмәди Сарба­сов, 29 қыркүйекте – Әділет минис­трі Марат Бекетаев, 30 қыркүйекте – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қабылдайды.

Қабылдауға жазылу үшін:

  1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
  2. WhatsApp: 8 700 800 4441;
  3. komek@nurotan.kz

Айта кету керек, жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 103 мың азамат өтініш білдіріп, партия мүшесі болып табылатын мемлекеттік органдардың басшылары 20 мыңға жуық қабылдау өткізді.

Талдау көрсеткендей, өтініш­тердің басым бөлігі әлеуметтік қам­сыздандыру, тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылық, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерімен байланысты. Бүгінде 103 мың өті­ніштің 43%-ы жедел шешіліп, 54%-ы бойынша консультативтік, құқықтық және басқа да көмек көрсетілді, қалған 3%-ы орындалу үстінде.

Сондай-ақ Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі алаң­ында заңгерлермен, адвокаттармен, медиаторлармен және нотариустармен ақысыз консультативті онлайн кездесулер ұйымдастырылды. Оған жоғарыда көрсетілген байланыстар арқылы жазылуға болады.